Тойға арналған ерекше тілектер: жастарды шын жүректен құттықтаймыз

Тойлық арналған тілектер жинағы Коммуникативтік дағдылар

Қазақша үйлену тойына арналған тілектер

Үйлену тойы – адам өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Мұндай ерекше күні жас жұбайларға айтылатын жылы тілектер жүректерге жылу сыйлап, келешекке жол сілтейді. Төменде үйлену тойында қолдануға болатын ең әдемі және мағыналы тілектер топтамасын ұсынамыз.

Жалпы тілектер

  • Құрметті жас-жұбайлар көтерген шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!

  • Екі жасты осы қуанышты күндерімен құттықтаймын. Босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Жездем әпкеме адал жар болсын, әпкем осы шаңыраққа қонған бақ болсын!

  • Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар!

  • Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.

  • Сендерге нәзіктік пен шынайы махаббат, сенім мен түсіністік, бақыт тілеймін. Барлық жерде бір-біріңе қолдау көрсете біліңдер. Бір-бірің үшін өмірдің тірегі мен мән-мағынасы болыңдар.

  • Шаңырақтарыңнан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін, үйлерің сәбидің қуанышты күлкісіне толсын. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңдер.

Қысқа тілектер

  • Тойларыңыз құтты болсын! Махаббатарыңыздың баянды болуын тілейміз! Бар армандарыңыз орандалсын!

  • Қол ұстасып ұзақ өмір сүріңіздер! Бақытты, ұзақ өмір тілейміз!

  • Алла сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір етсін! Махаббат айдынындағы сапарларың сәті, бақыттарың баянды болсын!

Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!

  • Шаңырақтарыңның керегесі кең, тересезі тең, босағаларыңыз берік, еңсесі биік болсын!

  • Екi жас қадамдарың құтты болсын, Құт болып құшактарың гүлге толсын.

Өлең түріндегі тілектер

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер – алтын сарай салғандар,
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп,
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай – қатар тұрған періште,
Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

Өмір-тойы, көңіл-тойы – үйлену,
Үйлену, бұл – мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.

Тілекпенен баталарың ақ болсын!
Екі жүрек бір-біріне жақ болсын!
Ағамыз адал жар болып,
Жеңгеміз осы үйге келіп қонған бақ болсын!
Бір-біріңе сенімдерің ақ болсын!
Бір-біріңе сезімдерің пәк болсын
Бүгінгі осы тойдың иелері
жаман аттан, жат қылықтан сақ болсын!

Махаббат деген биік тас,
Оған ешкім жете алмас,
Жетеді оған тек қана
Қол ұстасқан екі жас…

Ата-аналардан тілектер

  • Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!

Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!

  • Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!

Армысың, айналайын, күйеу бала. Қызымызға ертеңгі сүйеу, жарыңның жұлдызы бол құндызы бол. Біз үшін осындай дос біреу ғана. Қолыңа қондырған ақ құсың құтты болсын.

Достардан тілектер

  • Айналайын, алтындарым, көздеріңнен нұр, жүздеріңнен жылылық көріп тұрмын. Сендердің дәл бүгін бақыттың шыңында тұрғандарыңды сезіп өзімше толқып та тұрмын. Бүгін менің аузым емес, жүрегім сөйлесін. Ал жүрегім шын ниетімен сендерге сарқылмас бақыт тілейді. Сендер бақытқа әбден лайықсыңдар.

  • Француз жазушысы Андре Терье айтады: «Бақытты өмір болмайды, тек бақытты күндер ғана болады» деп. Мен сендерге толық бақытты ғұмырға жетерліктей сондай бақытты күндеріңнің көп-көп болғанын тілеймін.

  • Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!!

  • Егіз аққу сияқтанған достарым, Бастапсыздар жұбайлы өмір-дастанын. Мықты болсын тіккен ордаң-отауың, Құтты болсын алғаш түндік ашқаның!

Дәстүрлі қазақ тілектері

  • Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын.

  • Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын.

Бүгінгі күн – сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. «Үйлену оңай, үй болу қиын», — дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.

  • Төлегендей батыр болсын ұлдарың, Қыз Жібектей сұлу болсын қыздарың. Біз сіздерге қонаққа кеп тұрғанда, Көрейікші, сәбилердің стройда тұрғанын.

  • Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі — отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер.

  • Бұл өмірде мәңгі қол ұстасып жүріңдер, жұптарын ажырамасын, қосақтарын қос ағарсын. Бақытты болыңдар!!!

Қорытынды

Үйлену тойы – екі жастың өмірлік жолдарын біріктіретін маңызды қадам. Жоғарыда берілген тілектер арқылы сіз жас жұбайларға шынайы тілектеріңізді білдіре аласыз. Мұндай жылы сөздер олардың болашақ өмірінде жақсы нышан болып, отбасының берік іргетасын қалауға септігін тигізеді.

Оцените статью