Күз туралы тақпақтар | Қош келдің, алтын күз | Аяулы күз жинағы

Күз туралы тақпақтар балабақшаға арналған Тақпақтар

Күз туралы тақпақтар жинағы

Сап — сары маңай,
Сап — сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

* * *

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

* * *

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап — қап қауын алдық біз.

* * *

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

* * *

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

* * *

Сәкен Сейфуллин  (Алтын күз)

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

* * *

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

* * *

М. Әлімбаев (Күз келді)

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

* * *
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып — теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

* * *

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

* * *

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

* * *

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

* * *

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

* * *

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

* * *

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

* * *

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр — сыбдыр етеді.

Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық — жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан — алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

* * *

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

* * *

Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

* * *

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

* * *

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

* * *

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

* * *

Күз бен Біз

Көңіл шіркін күңіренген күзбенен,
Бірақ жаным содан жылу іздеген.
Ақ параққа қара сия төгілтіп,
Жазылады жүректегі ізгі өлең.

Еніп кеттім құшағыңа еріксіз,
Болсаң да сен жапырақсыз көріксіз,
Ақын жаны күңіренген өзіңдей,
Күз келбеті біз өзіңе серікпіз.

Жанға жара бір жапырақ үзілген,
Келем әлі сол баяғы ізіммен.
Уақыт-жүйрік ұстатпайды ешкімге,
Қош келіпсің қауышайын Күзіммен….

* * *
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

* * *

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз…
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз…

* * *

Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

* * *

Абай Құнанбаев (Күз)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

* * *

Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.

Молшылыққа бөлеген,
Күз айы неткен ырысты ең?
Біздерді қауыштыратын,
Ыстық ұя мектеппен.

* * *
Шөп сарғайып,
Ағаш қурап,
Гүлдер де солады.
Жаңбыр жауып, жел соғады.
Бұзылады табиғат.


Аяулы күз, алтын күз!

1 — сынып
Жүргізуші
Қош келдіңіздер ата — аналар!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!
Жүргізуші:
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Ертеңгілікті бастайық.

Тақпақ
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Ортаға себет толы жемістері бар
Күз келеді
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Көбейді құт — береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан — алуан жапырақ
Күзгі бақтар күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Еңбек қызып қырларда
Бидай толды қырманға
Алтын таулар секілді
Сап — сары боп тұрғанда
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді

Хор: «Балапан»

Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
— Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
— Күз!
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Тақпақтар
Ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой, балалар, балалар
Ойналық та күлелік
Енді оқуға кірелік.
Күз келді, сары күз келді
Тау ызғарлы түз желді
Тыраулатып аспанда
Тырналарын тізді енді
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Қызыл қырман басында
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған
Ашылып күз құшағы
Жүрді еріп бізбенен
Жапырақтар ұшады
Жез алқадай жүздеген
Жайдар күз, алтын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқыған
Бұлттанып заңғар аспаным
Толтырды жасқа жанарын
Құстар да қайта бастады
Суықтың сезіп хабарын
Қамба толды астыққа
Алғыс саған Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та
Қап — қап бидай алдық біз
Алақай, алақай

Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой

Жүргізуші:
Алқаптан бидайды
Қоймаға жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен!- дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз. Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Күз: Қонақтар, балалар, саламатсыңдар ма?
Той тойлап жатсыңдар ма?
Күз күні осындай тамаша
Мен келдім сендерге асыға.
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз, ынтымақты еліне,
Берекелі ырыс болып енетін.
Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? ИЯ
Балалар, мен Жазбын ба? ЖОҚ
Әлде мен Күзбін бе? ИЯ
Күзде көлге шомылуға бола ма? ЖОҚ
Балалар, Күзде жапырақ сарғая ма? ИЯ
Күзде жеңіл киініп жүруге бола ма? ЖОҚ
Балалар, Күзде жеміс – жидек пісе ме? ИЯ
Көкөністі жумай жеуге бола ма? ЖОҚ
Күзде жаңбыр жауа ма? ИЯ
Балалар, сендер күзді жақсы көресіңдер ме? ИЯ
Күз: менің жеміс – жидектерім де өздерін таныстыруға осында келіп тұр:

Тақпақтар
Күзді күтіп жатамын
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын, жараймын
Қыстай сақтап қоюға.
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат — қабат киініп
Қырыққабат атандым
Шиемін мен шиемін
Піскенше тон киемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім

Аяулы күз, алтын күз!

Алтын күз келді, бақшама!

Алтын күз келді, бақшама!
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі — түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Олай болса күз туралы тақпақтарын айтуға ортаға Әлішер, Ақсындар, Ақмаралды шақырамыз.
Әлішер: Сарғайды тоғай,
Сап — сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Ақсындар: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр — сыбдыр түседі.

Ақмарал: Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.

Ән: «Күз келгенде». Орындайтын: Хор.
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі).
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. (Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
— Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Жаңбыр».
Ерасыл: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып — теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Айзада: Сап — сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Елжас: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі — төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).
Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам және шапшаң екенсіңдер.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық. (Балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). Күн келеді.
Күн: сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер мені шақырдыңдар ма достарым?
Балалар: Иә.
Күн: Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұратын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.

Бұлт: Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзіме менің құлақ түр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір болама?
— Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, Дауласпаңдар! Балалар, күн мен бұлтты татуластыру үшін күзді қонаққа шақырайық.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында
«Айгөлек» бала — бақшасының тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

«Қош келдің, алтын күз!»: балаларға арналған күз туралы жеңіл жатталатын тақпақтар
Әсел Найман қызы

Жадыраған жаз мезгілі аяқталып, сары алтын күз басталды. Күз маусымында еліміздің көптеген білім орта білім беру мекемесінде «Алтын күз» мерекесі өтеді. Осыған орай назарларыңызға күз туралы балаларға арналған тақпақтар топтамасын ұсынамыз.

Күз мезгілінде табиғат ерекше түрленіп, көптеген ақын дәл осы мезгілге арнап жыр шумақтарын шығарып жатады. Олардың кейбірінде лирикалық сарын байқалса, енді бірі тілге жатық, жатталуға оңай стильмен жазылады. Төменде балаларға арналған, тез әрі оңай жатталатын күзге арналған тақпақтар топтамасын ұсынамыз.

***
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс — жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз…
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз…

***

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жапырақпен ойнап отырған қыз. Көрнекі сурет
Жапырақпен ойнап отырған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

***
Дым бүркіп, тұман басталып,
Қарғалар шулап топтанса.
Үлкендер шаруа басқарып,
Ауылдан сыртқа аттанса.

Жайқалса шетте шоқ қамыс,
Желбіретіп үкісін.
Қызғыш жоқ, кұс жоқ, жоқ таныс,
Көл беті тыйса күлкісін.

Ауылдың малы өрістеп,
Жайырақ шықса манаурап.
Оқыранып, жер иіскеп,
Байлауда тұрса жарау ат.

Егістік жақтан Даладан,
Естісең мотор гүрілін.
Астықты керуен қалаға,
Ағылып жатса күн ұзын.

***

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Күзгі бақтағы анасы мен балалары. Көрнекі сурет
Күзгі бақтағы анасы мен балалары. Көрнекі сурет: pixabay.com

***

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

***

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

***

Жердің көркі қашады,
Таулардан бұлт асады.
Қайтып күннің қызуы,
Шөпті қырау басады.
Мүлгиді сай — саламыз,
Біздің жомарт даламыз.
Дәнін жинап алған соң,
Жатыр үнсіз сары аңыз
Ызғарлы жел қатайды
— Мұны күз деп атайды.

Күзгі бақтағы әткеншек. Көрнекі сурет
Күзгі бақтағы әткеншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алтын күзге арналған балалар тақпақтарының бүлдіршіндер үшін тез жатталуы маңызды. Сондықтан төмендегі тақпақтар балабақша бүлдіршіндеріне арналады:

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

* * *

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап — қап қауын алдық біз.

* * *

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

Күзгі орман және бүлдіршін. Көрнекі сурет
Күзгі орман және бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ әдебиетіөкілдері арасында да күз мезгіліне арналған өлеңдер топтамасы да аз емес. Солардың бірқатарын назарға ұсынамыз:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

Сәкен Сейфуллин

***

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Мұзафар Әлімбаев.

***

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Абай Құнанбаев

Қолшатыр астындағы балалар. Көрнекі сурет
Қолшатыр астындағы балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерекелі, берекелі- Алтын күз!
Редактор

Наурызбаева Асем Бекмуханбетқызы
«Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:
1.Күз мезгілінің ерекшелектері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2.Өлең айту, тақпақ айту, би билеу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

3.Мерекелік көңіл- күй сыйлау

Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді!
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола,
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс?
Болмасын жан қалыс
Тойлайық күлейік
Қуанып билейік!

(Балалар әдемі әнмен залға билеп кіріп, жарты ай боп тұрады)

Жүгізуші:
Балалар күн нұрын сыйлап отырған Күн анамызбен, алтын астық дәнін беріп отырған Жер анамызбен, тату-тәтті болып жүрген достарымызбен, келіп отырған қонақтарымызбен амандасып алайық.
Армысың, қайырымды Аспан ата,
Армысың мейрімді Жер ана,
Армысың алтын күн!
Қайырлы таң, қайрылы күн
Армысың достарым
Армысың қонақтар.
Жүгізуші:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде болады
(Жақсы әнмен залға күз кіреді.)

Күз:
Сәлем өрең достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қоныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік ойнайық!

Күз: Балалар неше жыл мезгілі бар?
Балалар: төрт

Күз: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз

Күз:Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі, кәне атап беріңдерші?
Балалар: күн суытады, жиі жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, жеміс-жидектер, көкеністер піседі т.б.

Күз:Жарайысыңдар балалар, күз мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер, ал енді күз туралы тақпақ білесіңдерме?

Еркеназ:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсің халқымыз.

Мөлдір:
Күз айы басталды
Құстар қайта бастады
Жапырақ сарғайып
Жерге түсе бастады

Ө.Алинұр:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштықта
Қап-қап қауын алдық біз

Жүргізуші: Ал енді балалар, «Апорт алма» өленің айтып алайық
Күз: Жарайсыңдар балалар, сендер күз мезгілі жайында көп біледі екенсіңдер, сендерге көп рахмет.

(Алыстан бір дыбыс естіледі (көңілді гном келеді))

Күз:Балалар бір дыбыс естіледі, бұл не болды екен?
Балалар алдарында жатқан жапырақтарымен беттерін жауып отыра қалады

Көңілді гном:

Күз де келді
Салқындады ептеп күн
Жел ысқырды
Дүлей дауыл жетпек шын
Толып қалды жапыраққа
Мына нулы орманым.
Орманымның іші жапырақтарға толып қалыптығой, біраз орманымды жапырақтардан жинап қояйын.

Ойын: «жапырақ жинау»

(Үн таспадан желдің дыбысы естіліп, жапырақтар ұшады.)

Күз:
Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жиналып қалайық
Кәне-кәне кім жылдам?

(Ойын 2-3 рет қайталанады.)

Көңілді гном:Бұл жапырақтар қайта-қайта шашылып болмады ғой, енді жапырақты бір-бірлеп жинайын.
(балалар жапырақтармен беттерін жауып орындарына отыра қалады)
Көңілді гном:
Бұл жапырақтар емес екенғой, бұл балаларғой, менің орманыма не үшін келдіңдер?

Жүргізуші:
Біз сіздің орманыңызға жеміс-жидектер және де күзгі табиғатты тамашалауға келдік. Бірақ біз орманыңызға құр қол келмедік, өнерімізбен келдік.

Көңілді гном:Онда менің орманыма қош келдіңдер! Ал енді өздерінің өнерлеріңді көрсете қойыңдар.

Әбілмансұр:
Тапталды табанға
Сылдыр-сылдыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Боянғандай атырап.

Амина:
Таңмен көзімді ашамын
Әлемге нұрын шашамын

Күз:
Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі.
Сан алуан жапырақпен
Біз бір билеп алайық

Би: «Жапырақ»

(Күннің күркреген дауысы естіліп, бұлт келеді.)

Бұлт:
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Қаласаң қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын
Сендер неге сондай көңілдісіңдер

Балалар: Біз Алтын күз мерекесін тойлатып жатырмыз.
Бұлт: Жоқ сендерге бұл мерекені тойлатуға жол бермеймін, Алтын күзді алып кетемін де, ал сендерге нөсерлі суық жаңбырымды жаудырып кетемін.
Жүргізуші: Ал енді балалар бізді жаңбырдан не қорғайды?
Балалар: Қолшатыр.
Жүргізуші: Олай болса біз сендермен «Қолшатыр» ойының ойнап алайық.
(балалар жарты ай болып тұрады, көңілді ән ырғағымен бір-біріне қолшатырды береді, кімде қолшатыр қалып қояды сол бала тақпақ айтады)

Жанерке:
Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін

Бейбарыс:
Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды

Ержан:
Мен алмұртпын алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың

Жарқын:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.

Ботагөз:
Таңдандырар бәрін
Асөабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі

Айару:
Менің атым қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жауыңыз

М.Алинұр:
Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін

Адинай:
Мен жүзіммін, жұзіммін
Моншақ болып тізілдім

Сұлтан:
Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұлар бал дәмім

Жұлдыз:
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Аружан:
Қиярлар мен қызанақ
Бар және сәбіз бен салат
Тәтті бұрыш пиязда
Қырыққабатта қатарда

Бұлт: Балалар, бүгінгі сендердің тақпақтарың да , киген киімдерің де өте әдемі екен. Енді біз сендермен тамаша ән айтайық
Ән «Жемістер»
Күз: Балалар, бүгінгі көрсеткен өнерлеріне көп-көп рахмет. Сендерге бүгін арналған сыйлықтарымды таратып берейін
Жемістердің бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқан біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты,-
демекші, міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Мерекелі, берекелі – Алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Алтын күз ертеңғілігінің сценарийі — Балабақша әлемі

Aina_9303

·
22 сентября, 2020

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі

қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. «Тұлпар» тобының бүлдіршіндерін қошеметтеп қарсы алайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қаймезгілде ойлайсың?

Дұрыс, күзмезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалардың жауабы).

Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Күз ханшайымы, біздің балалар күз мезгілі жайында тақпақтар біледі.

Тақпақтар: 5

(Есікті біреу қағып, «Мені де кіргізіңдер»-деп айқайлайды. Залға қолында сыпырғышы бар бақша қарақшысы кіреді)

Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, өтінемін, мен де қатысайыншы мерекеге

Күз ханшайымы: Сен кімсің? Неге мерекеге осындай киіммен келдің?

Бақша қарақшысы:Мен сәнді киінбеймін, Бақшаны да, бақты да күзетемін ылғи, Жануарлар мен құстар. Ылғи менен қорқар.

Күз ханшайымы: Жетер, кім екеніңді жұмбақтамай айтшы.

Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, мен жалқау емеспін.Мен еңбекқор Бақша қарақшысымын. Жаз бойы бақшада тұрамын. Күннің ыстығына да, жаңбырына да қарамаймын. Ұйықтамаймын, тамақ ішпеймін, бірақ көкөністер мен жемістерді күзетемін.Менің куәгерлерім де бар. Балалар айтыңдаршы, мен бақшаны құстардан күзетемін бе?

Балалар: Иә

Бақша қарақшысы: Көрдіңдер ме (ренжіп), ал мені мерекеге кіргізбейді ешкім. Менің киімім жаман дейді. Егер мен бақшада әдемі киіммен тұрсам, құстар менен қорықпайтын болады ғой…

Күз ханшайымы: Ренжімеші бізге. Балалар, бақша қарақшысына мерекеге қатысуға рұқсат береміз бе?

Балалар: иә, рұқсат етеміз (Қарақшы басын иіп, орындыққа отырады)

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік. Айзере мен Аянаттың орындауында  «Келді Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік

Тақпақтар: 4 бала

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге қызықты ойын алып келдім.Ойынның аты: «Жапырақтар» деп аталады.

Ойын: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз – дей келе келесі кезегімізді «Қырманға кел» биіне берейік

Би: «Қырманға кел»

Жүргізуші: Қыстың қамын ойлаймыз

Күздің тойын тойлаймыз

Жасады той халқымыз

Жаса,жаса Алтын күз –дей отыра балалардың күз туралы тақпақтарына кезек берейік

Тақпақтар: 5 бала

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті Айлана мен Раминаның орындауындағы  әсем әнге берейік.

Ән: «Осень к нам пришла»

Бақша қарақшысы: Балалар, менің сендермен және келген қонақтармен ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнайсыңдар ма менімен?

Ойын: « Тікенектер»

Жүргізуші: Билейміз біз бұралып

Тақпақ айтсақ құба – құп

Қоштап қолды соққанда

Қаламыз біз қуанып деп –қыздарымыздың «Күзгі биін» қабыл алыңыздар.

Би: «Күзгі би»

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналанын бәрі алтын- деп келесі кезегімізді тақпақтар береміз.

Тақпақтар: 5 бала

Жүргізуші: Біздің топтың ұлдары күзгі сән үлгісін дайындапты. Қошеметтеп қарсы алыңыздар, 2019 жылғы ұлдардың күзгі киім үлгісі.

Жүргізуші: Қызыл, жасыл, сары алтындай

Жапырақтар күздің көркі

Ойланайық, толғанайық

Күз туралы әнге елтіп!

Ән «Алтын күз»

Алтын күз:Рахмет балалар, маған мереке қатты ұнады.Менің сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар еді.Соны сендерге таратып берейін.

Ал, енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар.

Бақша қарақшысы: Балалар сендерге көп рахмет, менің де сендермен қоштасатын уақытым болды. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

«Күзгі жәрмеңке — 2019» тақырыбында өткізілген көрме жұмыстарын марапаттауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып

Алтын күз туралы тақпақ, өлең, сценарий тауып бересіздер ма?

«Алтын күз»

Бөлме әдемі безендірілген,әдемі киінген,балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Армыссыздар балалар.

«Алтын күз» атты ертенгілікті бастаймыз

Мереиім : Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Аида : Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Архат : Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Күз келді,қол соғып күзді шақыру. .

Күз. Аяжан

Алтын сары,қызыл,көк…

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балалар күзді ортаға алып шеңбер құрып тұрады.

Армысыз,асыл күн!

Армысыз, асыл жер!

Армысыз,алтын күз!

Армысыздар,апайлар!

Армысыздар,балалар!

Ойын «Кім жылдам?». Жапырақтарды кім тез жинаса сол тақпақ айтады.

Назерке :Асханадан шықпаймын,

Атым –пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Даурен Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.

Жанайхан Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ,біліп қой-

Қызылшамын пайдам бар.

Жүргізуші: «күзгі жиын» көрінісін тамашалайық.

Автор: Бір күні жиында қарбыз бен қызанақ қалыпты,оларды бақшашы күнде көріп,бағып, су құйып жүреді екен.

(Бақшашы қолын бір сілтеп,кейін теріп алам деп кетіп қалады)

Автор: Сол кезде екі көзі қызарып тауық келеді.

Тауық: Мереиім Қайсысын бірінші жесем екен.

(Бақшашы қыш,қыш деп тауықты қуып жіберіп,өзі жемістерді теріп алады)

Самир Тал шыбығым бұрылып,

Бақшаларда қызырып,

Тұрған ол мен-қызынақ,

Күнге қарап ұялып. (қызанақ)

Жанель Көптен ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып (қарбыз)

Малика Атым-қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суғарып (қияр)

Аяжан Бақша төріндегі асқабақпын

Асханадағы дәмді тамақпын

Сап сары боп торсиып

Күтем сені терсін деп (асқабақ)

Айшагүль Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз (картоп)

Жүргізуші:Ал,балалар мен сендерге жұмбақ жасырсам,шешесіндер ме

-Иә

Алтын сары тоны бар, Көкпеңбек еді көктемде

Қойнында дәні бар Қызарды күз жеткенде

Не екенін тауып ал (бидай) (алма)

Ойын : «Жемістер мен көкөністер жинау»

Жүргізуші: Ал,балалар барығың менің жаныма келіндер,менің сендерге тосын сый дайындадым.(тосын сыйды тарату)

Осымен біздің «Алтын күз» ертеңгіліміз аяқталды.Кош сау болыныздар!

Оцените статью