Шоколад — мөлшерін білсең пайдалы азық

Шоколад мөлшері Тағам

Бұл тәттіні жақсы көретіндер артық салмақ қосып алудан қорқады.

Әлбетте, бұны дұрыс не бұрыс деуден аулақпыз. Адамның бір күндік азығы 1700-2000 килокалорий аралығында болатын болса, 100 грамм шоколад небәрі 400-600 ккал қуаттылықты береді екен. Сол себепті мөлшерін білетін болса, шоколад сондай қауіпті емес. Керісінше, пайдасы мол. Бұрын соғыс кезінде шоколадты құнды азық-түлік өнімі ретінде ұшқыштарға беретін болған.

Құрамына сүт пен глюкоза қосылған сүтті шоколадтан бөлек диеталық шоколад түрлері де бар. Олар қара ащы шоколад деп аталады.

Шоколадтың өзінен бұрын иісі адамның жүйке жүйесіне оңтайлы әсер ететіні белгілі. Оның хош иісі зерігу, үрейлену, абыржу, күйзеліс сияқты эмоциялардан арылтады, көңіл-күйді жақсартады.

Құрамындағы кофеин мен теоброминнің есебінен шоколад ағзамыздағы жүйке жүйесі мен қан тамырларының жұмысын реттейді. Егер сіз шоколадтың әсері көбірек болғанын қаласаңыз, құрамындағы кофеин мен теоброминнің (какао өнімі) көп мөлшердегісін таңдаңыз.

Ащы шоколадта какао өнімі, сүтті шоколадқа қарағанда көбірек болады. Соның салдарынан қара шоколад шаршауды тезірек басады. Шоколадтың сапасы мен түріне байланысты онда А және В дәрумендері, кальций, магний, калий, темір мен натрий болады.

Натрий мен калий ағзадағы су балансын тепе-теңдікте сақтап тұрады. Темір қандағы гемоглобиннің түзілуін реттейді. Ал магний болса, жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады.

Оған қоса, шоколадта «танин» деген зат бар. Ол ішек жұмысын дұрыстап, ағзадан шлактардың шығуын қамтамасыз етеді.

Ғалымдардың соңғы мәліметтеріне сүйенсек, шоколад ісік жасушаларымен күреседі екен.

arular.kz
Авторды бағалаңыз
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт