Өмір сыйлаған ата анама рахмет

омир сыйлаган ата анама рахмет Білім

Рахмет әке-ана

Рахмет сізге əке
Бағыма жаралғаныңыз үшін.
Анамдай адал жар алғаныңыз үшін.
Бəріміз үшін еңбек етіп.
Біздер үшін жасаған қадамдарыңыз үшін.

Рахмет сізге əке.
Сыйлаған бақытты сəттеріңіз үшін.
Əперген əрбір тəттілеріңіз үшін.
Кетіп жатсам егер қателесіп.
Кешіре гөр боялдырған əттеңім үшін.

Рахмет сізге ана
Бізге өмір сыйлағаныңыз үшін.
Əлемнің бар жақсыларын жинағаныңыз үшін.
Түн ұйқыңызды төртке бөліп,
От болып,отбасыңызды ойлағаныңыз үшін.

Рахмет сізге.
Алғысым шексіз анашым.
Ойлаған күні – түні баласын.
Жұмақты іздеп жүргендерге айтарым,
Жұмақты…
Ананың табанынан ғана табасың.

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт