Доллар ағашын өсіруге 7 себеп

долларовое дерево Отбасы

Бұл бөлме гүлінің көркемдігі ерекше: қанық жасыл түсті жапырақтары көз тартады. Биіктігі 150 см-ге дейін жететін замиокулькасты халық арасында доллар ағашы деп атайды. Туған жері – сонау ыстық Африка құрлығы.

Доллар ағашын өсірудің әдемілігінен басқа 7  себебі

  1. Фен-шуй заңдылығына сәйкес, доллар ағашы ақша тартады. Бұл «сиқырлық» орындалу үшін гүлді бөлмеңіздің оңтүстік-шығысына қойып, топырағына бірнеше тиын (металл теңгелер) көміп қойсаңыз болғаны.
  2. Замиокулькас жаңа ортаға тез бейімделеді. Оған шамамен 2-3 апта уақыт жеткілікті.
  3. Бұл гүл қымбат керамика құтыларына қарағанда, пластиктен жасалған арзан құтыда жақсы өседі. Себебі, керамикалық құтылардың қабырғасы гүл тамырына зиянды. Жалпы, замиокулькас үшін шағын ыдыс таңдаған абзал. Биік, жіңішке құты жарамайды.
  4. Жас өсімдіктің топырағын ауыстырудың қажеті жоқ. Гүл сабағы әбден қатайып, құты тар бола бастағанда ғана жаңа топыраққа көшіріп отырғызса болады.
  5. Замиокулькасты бір құтыдан екіншісіне жылына бір рет қана көшіруге болады. Ал оның қажеті бар ма, әлде жоқ па өсімдіктің ыдысына қарап, анық аңғаруға болады. Егер құты өзінің бастапқы формасын өзгерткен болса, гүлдің тамырлары тарлық көріп жатқаны. Онда бірден іске кіріскен дұрыс-ақ.
  6. Ақша шақыратын бұл гүлдің күтімі көп уақыт алмайды. Жылдың жылы мезгілдерінде топырағының кебуіне байланысты суарып отыруға болатын болса, қыста екі аптада бір мәртеден артық су құмайған абзал.
  7. Zamiocúlcas – қа арналған бөлме ішіндегі орынды табу тіптен оңай. Күн сәулесі тіке түспейтін, ылғалдылығы орташа жер болса болғаны. Ал жаздыгүні гүлді таза ауаға балконға шығарып қойса да болады.
arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт