Балаларға арналған кремді неге әйелдерге жағуға болмайды?

Балаларға арналған кремді неге әйелдерге жағуға болмайды Денсаулық

Балалар кремінің классикалық формуласы 50 жыл бұрын жасалған. Оның құрамына табиғи майлар мен экстрактілер кіреді. Мұндай кремдердің негізі – ланолин. Балалардың тері торшалары (жылдам өсуіне байланысты болар) регенерациясы ересектерге қарағанда 12-15 есе жылдам жүреді. Яғни торшалары өте жылдам жаңарып, көбейіп тұрады. Тіпті қорғаныс қабатын түзіп үлгермейді. Балаларға арналған крем осы олқылықты жойып, қалың қорғаныс қабатын түзеді. Енді кремнің осы қасиетін әйелдер бетінен елестетіп көріңіз. Крем эпидермистің ескірген торшаларын бір біріне жабыстырып, қалың қабат түзеді. Бұл қабат ылғалды да, ауаны да өткізбейді, зат алмасу процестерін тоқтатады. Нәтижесінде қалың қабаты астындағы тері ісінеді. Жетіспейтін ылғал терінің төменгі қабаттарында әлі түзіліп ілгермеген торшалардан суырып алынады. Теріні ішіндегі токсиндер сыртқа шықпайды. Басыңызға полиэтилен пакетін киіп көріңізші. Тура сондай әсер. Тері ісігі бір қарағанда әдемі көрінуі мүмкін, әжімдер жазылғандай. Біраз уақыттан соң әлгі ылғал сорып алынған, токсинмен уланған шала-жансар торшалар терінің бетіне шығады.  Сонымен қоса, балаларға арналған кремдер терінің Ph деңгейін (яғни қышқыл-сілті балансын)   төмендетеді. Ал ересектердің Ph деңгейі онсыз да 3-4 есеге төмен.

Осыдан соң қандай қымбат крем жақсаңыз да, қалпына келтіру қиын. Егер балалар кремдері әдемі терінің дәруі болса, косметикалық компаниялар инновациялық зерттеулерге қыруар ақшасын жұмсамас еді. Егер сізге органикалық кремдер ұнаса, мына маркаларды қолданып көріңіз: L’Occitane (Франция), Dr. Haushka (Германия), Weleda (Швейцария), Patyka (Франция), A’kin (Австралия), Whamisa (Корея), Natura Siberica (Ресей), Organic Shop (Ресей), Bioton (Қазақстандық, тек отандық болған соң ғана ұсынамын. 2-3 ай қолдандым, нәтижесі көңілден шықты деп айта алмаймын). ҚОРЫТЫНДЫ: майлы теріге арналған крем майлы бетке, қолға арналған крем қолға, аяққа арналған крем аяққа, балаларға арналған крем ТЕК балаларға жағылсын!

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт