Ас қорыту және тамақтануға қатысты 6 миф

Ас қорыту және тамақтануға қатысты 6 миф Тағам

Ас қорыту және дұрыс тамақтану бойынша қалыптасқан кей мифтер бар.

Солар қаншалықты рас-өтірік екенін бағамдап көрейік. Бұл мифтерді естіген шығарсыз?

Таңғы асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа бер

20 ғасырдағы зерттеулерге сүйінсек, таңғы асты тойып ішпеген жөн. Құнары жоғары ас тек түскі уақытта рұқсат етіледі. Тәулігіне қабылданатын тамақтың пайыздық мөлшерлемесі келесідей болғаны абзал: таңғы ас – 30-35%, түскі ас — 40-45%  және кешкі ас — 25%.

Күніне бір мәрте сорпа ішкен дұрыс. Әйтпесе асқазан жарасы пайда болады.

Асқазан жарасы ауруының алдын алу үшін күнделікті сорпа ішіп отырудың қаншалықты қажетті және маңызды екендігі ғылыми тұрғыда әлі дәлелденбеген.

Жеміс-жидек пен көкөністерді қалағанша жей беруге болады.

Шынымен-ақ, жеміс-жидек, көкеніс – асқазанға пайдалы. Бірақ оларды шектен тыс көп жеу іш кебуіне, іштің өтуіне, қыжылға әкеледі. Ал бұның бәрі – ас қорыту қызметінің бұзылғанын білдіреді.
Оған қоса, көкөніс пен жеміс жидекті тамақ рационына қосқыңыз келсе, оларды тамақтан бұрын және шикі күйінде жеген денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екені есіңізде болсын.

Тамақ рационынан майларды алып тастау

Жеміс-жидек пен көкеніс сияқты, майлардың шектен тыс көп болуы ағзаға қауіпті. Бірақ, оларды мүлдем алып тастауға болмайды. Май – адам белсендігі мен күш-қуатын қайта қалпына келтіретін азықтың бірі.

Тамақ алдында тәтті жемеңіз, тәбетіңіз болмайды.

Салмағы артық адамдардың саны артқан заманда тәбеттің болмауы жақсы да шығар.

Тамақтан соң — шай, кофе, шырын.

Бұл – ең кең таралған және өте зиянды әдеттердің бірі. Шын мәнісінде, сусын асқазанға барғаннан кейін асқорыту процесіне кері әсерін тигізіп, асқорыту шырының шайып кетеді. Соның салдарынан тамақ, қажетті дәрумендер ағзаға дұрыс сіңбейді.

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт