Ару президенттер

Ару президенттер Еркекше

Президент десе, әдетте егде жастағы ер адам елестейді. Алайда қазір салиқалы саясатымен дүйім елді басқарып  отырған нәзік жанды әйел президенттер де аз емес.

Керсти Ка́льюлайд (Kersti Kaljulaid).

1969 жылы туған, эстон саясаткері. 2016 жылы 3 қазан күні Эстония президенті болып сайланды. Екі баласы бар. Эстон, ағылшын, француз, фин, неміс және орыс тілдерін біледі. 1992 жылы Тарту университетінің биология факультетін тәмамдаған, ал 2001 жылы Тарту университетінің іскерлік әкімшілік мамандығы бойынша магистр дипломын алған.

Цай Инвэ́нь (蔡英文, Tsai Ing-wen)

1956 жылы туған, тайван саясаткері, 2016 жылы 20 мамырдан бастап Қытай Республикасыың президенті. Негізгі мамандығы заңгер. 1978 жылы Тайван Ұлттық университетінің заң колледжін аяқтады. 1980 жылы Корнелль университетінің заң мектебінде оқып магистр дәрежесін алжы, 1984 жылы Лондон экономика мектебінде заң саласында PHD дәрежесін алды. Лондоннан оралған соң Тайбэй университеттерінде құқық пәнінен сабақ берді. Сайлауға демократтар атынан кандидат ретінде ұсынылды. Бір жынысты некелерді заңдастыруды қолдайды, мұны адам құқығын қорғау және тең құқықтың жоғары деңгейі деп түсінеді.

Хильда Хайн.

1951 жылы туған. 2016 жылы 28 қаңтардан бері Маршалл Аралдарының президенті. Президенттікке дейін білім министрі болған. Хайн Маршалл Аралдарында ғылымдокторы атағын алған ең бірінші адам. Әйел құқығын қорғаушылар тобының негізін қалаушы.

Амина Гураб-Факим (Ameenah Gurib-Fakim).

1959 жылы туған. 2014 жылдан бастап Маврикий Республикасының президенті әрі қолбасшысы. Биология саласы бойынша ғылыми еңбектері бар. Органикалық химия саласында докторлығын қорғаған. Екі баланың анасы.

Колинда Грабар-Китарович.

1968 жылы туған. Хорватия саяси қайраткері әрі дипломаты. 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап Хорватия Президенті. 17 жасында АҚШта білім грантын жеңіп алған. Сонымен қоса Фулбрайт бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінде оқыды. Өз мансап жолын 1992 жылы Хорватия Ғылым және технология министрлігінің Халықаралық әріптестік департаментінің кеңесшісі лауазымынан бастаған. Ағылшын, испан, португал, хорват тілдерін біледі.

Мари-Луиз Колейро Прека ( Marie-Louise Coleiro Preca).

1958 жылы туған. Мальта саясаткері, лейборист. 2014 жылғы 4 сәуірден бастап Мальта президенті. 1982-1991 жылдары мальта партиясының бас хатшы қызметін атқарғанда, партияға жетекшілік еткен тұңғыш әйел болды. Алайда Мальта президенті болған екінші әйел (Агата Барбарадан кейін).

Пак Кын Хе (박근혜).

1952 жылы туған. Корея Республикасының 11-президенті. 1963-79 жылдары Оңтүстік корея Президенті Пак Чон Хидің қызы. Корея Президенті болып 2012 жылғы сайлауда сайланды, қызметіне 2013 жылдың 25 ақпанында кірісті. Сеульдің Соган университетін 1974 жылы инженер-электроншы мамандығы бойынша аяқтады.

Даля́ Грибауска́йте (Dalia Grybauskaitė).

1956 жылы туған. 2009 жылдан бастап Литва Президенті. мамандығы — экономист. Ағылшын, лтива, поляк, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Каратеден қара белбеу иегері. Тұрмыс құрмаған, балалары жоқ.

Элен Джонсон-Серлиф.

1938 жылы туған. 2006 жылдан бері Либерияның президенті. 2011 жылы Тавакуль Карманмен бірге «әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтары жолында жүргізген бейбіт күресі үшін» Нобель сыйлығына ие болды. Қаталдығына орай «темір әйел» атағына ие. Төрт баласы, алты немересі бар.

Вероника Мише́ль Бачеле́т Хе́рия.

1951 жылы туған. 2014 жылдан бері Социалистік партия атынан Чили президенті. Мамандығы: хирург және эпидемиолог, кезінде әскери стратегияны да зерттеген. Испан тіліне қоса, неміс, ағылшын, португал, француз тілдерінде еркін сөйлейді, аздап орыс тілін де біледі. Ажырасқан, үш ересек балалары бар.

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт