Мамам, мамам, ақ мамам,
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім! » – дейтін.
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде,
– Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам! »
Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
Бал бөбегін баптаған,
Анам ушін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Ар сөзінді жаттағам,
Журегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!