Үйдегі шаш күтімі. Құпиялар мен кеңестер

Уход за волосами Кеңестер

Шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе береді ме? Ендеше үй жағдайындағы шаш күтімі бойынша мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстан: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырыс. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.

Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құйма. Оны тек шаштың түбіне жақсаң болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті.

Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шай.

Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Олармен әрдайым қолдануға тырыс. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашыңа жақ, 3 минутқа қалдыр. Содан кейін жақсылап шай. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Өйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді.

Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десең, жуып, шайып болғаннан кейін шашыңды минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына көмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.

Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады.

Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.

Сулы шаш сезімтал, нәзік болады. Жуғаннан кейін ысқылап сүртіп, орамалға орап тастау — олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан шашыңды орамалға 4 минутқа тюрбан сияқты орап қой, ол суды сіңіріп алады.

Шаштарыңды орамалмен кептіргеннен кейін тарақпен тарау абзал. Оларды абайлап тарау қажет. Шаштың құрылымын құртып алмас үшін тараған кезде ұшынан бастап, жоғарылай көтерілген жөн.

Фенмен кептірген жағдайда ең ұтымды тәсіл – феннің режимін “жөн жылыға” қойып, 15-20 см қашықтықты 20 минуттай ұстап, кептіру. Осылай кептіргенде шашқа еш зақым келмейді.

Егер шашыңды тезірек кептіру керек болса, онда феннің ыстық температурасын қолдану қажет болады. Ондай жағдайда шашты фенмен кептіруге арналған арнайы лосьон жағып алу керек.

Шашқа көлемді тек арнайы косметикалық құралдар ғана беріп қоймайды. Басқа жасалатын мини массаж да көлемін көтеруге жақсы көмектеседі. Алдыға қарай еңкейіп, 2 минуттай қолдарыңның ұштарымен мойыннан маңдайға қарай массаж жаса.

Жұмсақ, әрі жұқа шаштарға көлем беру үшін, жұмыртқаның сарысы мен зайтүн майын алып, араластырып, шашты жумас бұрын жағып қой. Шашты арнайы пленкамен орап, сыртынан орамалмен орап 10 минуттай ұста.

Шашыңды ұзын етіп өсіргің келсе ұштарын әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жөн.

Шаштарың мүлде жатпай, жан-жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып көр: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін алақаныңа ысқылап шашыңды сипап өт. Бұдан еш зиян болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды.

Әдемі шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен көлем береді.

Егер салтанатты кешке көлемді, сәнді шаш үлгісімен барғың келсе мынадай кеңеске құлақ түр. Арнайы құралдарың бар болса бұл еш проблема емес. Көлем беретін көпіршікті молынан қолыңа түсіріп, біраз сулы шаштарыңа бөліп жақ. Бірнеше иірімдерге бөліп, үлкен көлемді бигудилерге соңынан бастап ора. Шаштарың кепкенше ұста да, содан кейін бигудилерді шешіп, қолдарыңмен шашыңды түзе. Қатыратын және жылтыр әсер беретін лакпен аздап қатыр.

Шаштарың тез майланып, әлсізденіп, көлемін кетірмесін десең мынадай масканы жасап көр: бір шай қасық бал алып, оны ¼ стақан жылы суда араластыр да кішкене ғана миуалы (фруктовый) уксус қос. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын шаштың өзіне жақ. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып таста. Бұл маскадан кейін шаштарың қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу да оңайға түсіп, шаш үлгісі де көп уақытқа дейін ұсталады.

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт