Зиянды азық-түлік қоспалары

Кей азық-түлік түрлерінің құрамында зиянды қоспалар бар. Мұндай қоспалар туралы біле жүрейік.

Шұжық. Е250 — қызғылт түс беретін азық-түлік қоспасы. Бұл қоспа қарыны мен бауыры, өт қабы ауыратын адамдарға зиянды. Мұндай қоспа қақталған балықта болады.

Е621 — бұл натрий глутаматы, сірке суының қуатын арттырушы. Уытзатты зат. Бұрын Қытай асханасында бұл күштеп қолданылып, тұтынушылардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келген екен. Азғантай көлемі аса қауіпті емес, әрине. Бірақ фастфудты көп жейтін адамдар үшін зияны мол екенін ескерту қажет.

Е122 — бояғыш. Көптеген тағамдарда кездеседі. Ал еуропа елдеріндегі асханалардың біразы аллергияны өршітеді деп, пайдалануға рұқсат етпейді.

Майонез. E466- майонез қатпарланып кетпеуі үшін стабилизатордың қызметін атқарады. Көптеген адамдарда диареяның пайда болуына әкеледі. Арзан майонездерде көп қолданылады.

Е260 — ашыту кезінде қолданылатын сірке суы. Зиянды емес.

Газдалған су. Е211 — көптеген жағдайда аллергияны арттыратын зат. Көптеген ферменттердің белсенділігін арттырады, ағзаны улайды.

Е338 — қышқылдық және сілтілік тепе-теңдікті бұзады, асқазандағы қышқыл көлемін ұлғайтады, бүйректе тастың жиналуына әкеледі.

Е330 — лимон қышқылы. Бұл қоспа зиянсыз. Бір кездері бұл қоспа канцерогенді деп жазылған, алайда, дәлелденген жоқ.

Нан. Е503 — аммоний карбонаты. Тыныс алу жүйесіне кері әсерін тигізгуі мүмкін.
Е500 — сода. Соданың зияны жоқ.

Алма. Е230, 231, 232 — дифенил. Мұнымен алманы өңдейді. Оны алманың қабығынан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан, алманы тазалап жеген пайдалы. Бұл қоспа бауыр мен бүйрек, жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

ҚазАқпарат

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?