Тырнақ күтіміне арналған маскалар

Бұл маскалардың барлығын үйде жасауға болады. Нәтижесі салонда жасалатын процедуралардан кем емес. Сенбесеңіз, жасап көріңіз

Зәйтүн майы

Зәйтүн майынан 3-4 ас қасық, 2-3 тамшы лимон шырыны және 2 тамшы йодты араластырыңыз. Осы қоспаға тырнағыңызды салып 5-10 минут ұстаңыз. Сабынсыз сумен шаю жеткілікті.

Лимон

Тырнағыңыз сына берсе, осы масканы жасаңыз. Лимонан қалыңдау етіп екі тілік кесіңіз. Осы тіліктерге тырнағыңызды тығыңыз. 5 минут ұстау жеткілікті. Лимоннан соң, тырнағыңыздың айналасына қарақат, мүкжидек шырынын жағуға болады. Айтпақшы, лимонның қалға қалдыңын тізеңізге, білектің қатты тұстарына жақсаңыз, қатып қалған тері жұмсарып, ағарып қалады.

Өсімдік майы

Кәдімгі өсімдік майына лимонның эфир майын немесе лимон шырынын қосыңыз. 3 ас қасық өсімдік майы, 2 тамшы эфир майы немесе 3-4 тамшы лимон сығындысы. Бұл масканы 10 күн қатарынан жасаңыз.

Е витамині

Дәріханадан Е витаминін алыңыз. Әдетте ол капсулада сатылады. Күнделікті кешке тырнағыңызға жақсаңыз, тырнағыңыз қатайып, сынбайтын болады. Процедураны бір ай бойы жасаған жөн.

Балауыз

Табиғи балауыз тырнағыңызға өте пайдалы. Маска түнде жатар алдында жасалады. Алдын ала бір ыдысқа суық су құйып, бір ыдысқа балауызды буға ерітіп дайындаңыз. Еріген балауызға саусақтарыңыздың ұшын мала қойыңыз. Содан дереу суық суға сала қойыңыз. Саусақтарыңыздың ұшындағы балауыз қатып қалады. Енді сыртынан қолғап киіп, ұйықтай беріңіз. Процедураны аптасына екі рет жасау жеткілікті. Ал барлығы 6 процедура болуы тиіс.
Қол терісіне арналған маскалар

Картоп

Екі орташа картопты пісіріп, езіңіз. Оған 1/3 стакан сүт және 1 ас қасық зәйтүн майын қосып араластырыңыз. Езбені шүберекке немесе бірнеше қабат дәкеге жайып салыңыз.Қолыңызды бірер минут буға ұстап тұрып, езбенің жылы кезінде қолыңызға ораңыз. Әлбетте бұл процедураны жасау үшін көмек қажет. Орап болған соң сыртынан полиэтилен пакет киіп, ауа кірметіндей етіп байлап қойыңыз. 40 минуттан соң «қолғабыңызды» шешіп, жылы сумен жуыңыз.

Зәйтүн майы

Қолыңызға қыздырылған зәйтүн майын жағып, мақтадан жасалған қолғап киіңіз. Бұл масканы түнде жасап, таңертең шешу қажет. Ал түнде қолғап киіп жата алмасаңыз, матаның сыртынан резеңке қолғап киіп, үй шауасымен айналыса беруіңізге болады. 20 минуттан соң қолыңыз баланың қолындай жұп-жұмсақ болады.

Сүзбе

Жаңа жасалған сүзбеге өсімдік майын араластырып, осы қоспаны жағып, қолыңызды 30 минутқа орап қойыңыз. Ал қолыңыздың өңі біркелкі болсын десеңіз, лимон, апельсин немесе грейпфрут тіліктерімен сүртіңіз.

1 пікір

  1. впвсраго 21.06.2017 at 12:37

    ңін,укгоен.шнү

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?