Тіс ағартудың ең тиімді тәсілі

Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады.

Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ, тіс сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді.

Тіс ағартудағы бірінші көмекші — ас содасы деген пікір қалыптасқан. Алайда, біз тіс эмалін құртып алмай, сарғаюмен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін:

  • Әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен ысыңыз;
  • Одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын тамызыңыз;
  • Тісіңізді екінші мәрте ысыңыз;
  • Аузыңызды жылы сумен шайыңыз.

Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады.

Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттірмей -ақ, Сізді армандаған аппақ тістің иесі етеді. Оған қоса, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайтынына сенімді боласыз.

Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.

3 комментария

  1. Дильбар 08.10.2016 at 00:54

    Тіс пастасымен жуып болғаннан кейін тісімізді де жуамызба? Алде тек щетканы ғана жуамызба?

    • Admin 08.10.2016 at 10:57

      Дильбар, сұрағыңызды дұрыс түсінсем, шай ағашы майымен тазалауға қатысты болар. Иə, майының бір-екі тамшысын щеткаға тамызып, тісіңізді ысу керек. Ал əр тіс ысқан сайын щетканы жуған жөн. Тіпті ара-тұра кір сабынмен жуып тұрсаңыз болады

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?