Су — жастық пен әдеміліктің кілті

Су адам ағзасында бірнеше қызмет атқарады.  Ағзамыздың 60 пайызын құрайды. Өйткені, қарапайым тілмен айтсақ  H2O жасушаларымыздың құрылыс материалы іспеттес.  Барлық биохимиялық процестер осы су арқылы іске асырылады.  Суды өміріміздің реакторы десек те болады.

Тіршілік көзі ағза температурасын да қадағалайды. Көптеген індеттерден ағзадағы судың мөлшерін қадағалап тұру арқылы құтылуға әрі дертті алдын-алуға болады.  Адам уақытылы дұрыс тамақтанбаса немесе ағзасында су жетіспесе жүйкесі тозған ашушаң, аурушаң болады. Алайда, үнемі аузыңды тамақтан  босатпасаң семіретініңді ұмытпа. Артық салмақтан арылудың оңай жолы-тамақтанар алдында 1 стакан су ішіп алу керек. Бұл ішкен астың құнарлығын азайтады.

Адамның өңі мен бет терісі арқылы саулығын байқауға болады. Ағзаға судың мөлшері жетіспесе біріншіден терің құрғап, өңін солғын тартып, қуарады.  Витамин жетпеген солғын бет терісі қабыршықтанып немесе оған безеу қаттап кетеді. Бұндай жағдайда кез-келгеніміз бетімізді әрлендіру үшін ақша үнемдемей, дүкендерге сабыламыз. Қымбат-қымбат иіс майлар мен бальзамдарды жағамыз. Бұдан басқа қандай амал бар деген сұрақтың туындауы заңды.

Бұндай мәселені шешу өз қолымызда.   Мәңгі әдеміліктің оңай жолы- күн сайын ағзамыз қажет ететін  (сусын, кофе және шәйді есептемегенде) 1,5 – 2 литр су ішу. Суды да бейберекетсіз ішпей,  оның тазалығана мән беру керек. Есіңде болсын, күшті мөлшерде хлорланған ауыз суы  сұлулықтың жауы. Ол әдемілігіңді жояды. Сол себептен тек қана қайнатылған суды ішіңіздер.

1 пікір

  1. динара 11.12.2016 at 22:36

    өте дұрыс

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?