Сарымай – зиян ба, пайдалы ма?

Қазіргі таңда сарымай төңірегінде пікірталас көп-ақ. Біреулер оны денсаулыққа қауіпті тағам десе, енді бірі сарымайды тамақ рационынан мүлдем алып тастау одан да қауіпті екендігін алға тартады.

Құрамы

Сарымай минералды заттарға бай тағам. Оның құрамында калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, мыс және марганец бар. Оған қоса, кейбір түрлерінің құрамында А, Е және К дәрумендерімен қатар, РР, В1, В2, В5 және D дәрумендерін де кездестіруге болады.

Дей тұра, сарымайдың құрамындағы май үлесі адам ағзасына қажетті шамадан 2,5 есе көп екендігін ескеру керек. Осы жағдай холестеринге де қатысты.

Зияны:

— Сарымай дене салмағы артық адамға, әлбетте зиянын тигізетін тағам.

— Сүт өнімдеріне, соның ішінде сиыр сүтіне аллергиясы бар жандарға сарымайды тұтынбаған абзал.

— Сарымайдан аулақ болудың тағы бір себебі- оның құрамындағы холестерин мөлшерінің тым жоғару болуы.

Пайдасы:

Әйел ағзасында холестерин  жетіспеген кезде, бұл оны бедеулікке алып келеді. Оған қоса, майды аз тұтыну – менопауза уақытын жақындата түседі.

Өзінің тамақ рационына қажетті мөлшерде сарымай қосқан адамның асқазанындағы кішкентай жаралар жазыла бастайды. Сондықтан асқазаны ауыратын адамдарға сарымайдан бас тартпаған жөн.

Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Сарымай адамның иммунитетін күшейтіп, белсенділігін арттыра түседі.

Ағзаға қажетті мөлшері

Сарымайдың зияны мен пайдасын бір таразы басына қойсақ, пайдасы басымдырақ екендігіне көз жеткізуге болады. Сарымайдан мүлдем бас тарту, денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді. Бірақ егер Сіз күнделікті тамақ рационына 30 грамм сарымай қосатын болсаңыз, бұл сіздің сымбатыңызға еш қауіп төндірмей, ағзаңыздың сау болуына көмектеседі.

12 комментариев

  1. Rozatai 05.10.2016 at 20:06

    Сарымай итке ғана жақпайтын шығар

  2. 91 05.10.2016 at 20:07

    Сары майдың ауруларға ой аруларға пайдасы туралы жазың))

  3. Гоха Великолепная 05.10.2016 at 20:07

    Сары май мне нельзя, морда треснет

  4. Нацпатгул 05.10.2016 at 20:07

    Сары маиды копп жегесын шыгардеп оилаимын бир жагынан омырау маселесин айтамда

  5. Мен ғой 05.10.2016 at 20:08

    Сары май зиян ба, пайдалы ма?

  6. Данияр Алан 05.10.2016 at 20:08

    Сары май итке жағады Роза)))

  7. Айнур 05.10.2016 at 20:08

    Мен сары майды тек кана жемей, енди денеме де жагамын. Майга май синбейди ме бирак? Соны уайымдап отырмын

  8. қарақыз 05.10.2016 at 20:09

    сары май

  9. Санду 05.10.2016 at 20:09

    Ауылдың күбіге пісіп алған сары майы болса, шіркін! Калориясы мол болса да дәл сол майдың зиянсыз екеніне сенем! 🙂

  10. Айнур 05.10.2016 at 20:10

    Майга май синбейди ме?

  11. Aselina L'essa 05.10.2016 at 20:11

    Сливочное масло «Сары май» является натуральным продуктом имеющим ярко выраженный вкус сливочного масло с ароматом сливок. 100% натуральный продукт без консерван)))

  12. Аноним 07.11.2016 at 17:14

    Пікірм

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?