Қыста ерін күтімі

Ерінде май бездері жоқ. Сондықтан оның күтімі бет терісінен де артық болуы керек. Оның үстіне біз далапты кремнен артық жағамыз. Ал оның құрамы пайдалы болмауы да мүмкін.

Егер ерніңіз жиі жарылып, ұшықтана берсе бұл аллергия, дерматит немесе В тобы витаминдерінің жетіспеуін білдіруі мүмкін. Ал ерін түсі қоңырқай тартса, бозарса немесе құрғай берсе организмге сұйықтық жетпейді. Айтпақшы, темекіден ерін сұрланады.

25 жастан кейін ерін түсі солғын тарта береді, ұсақ әжімдер пайда болады. Ерін фотоқартаю процесіне тез ұшырайды. Сондықтан, сондықтан ерін күтіміне мән беру керек.

💋 әрқашан SPF қорғанысы бар далапқа басымдық беріңіз. Әсіресе қыста.

💋 Қыста құрғақ далапты, тинттарды, қазір трендтегі нюд далаптарды көп пайдаланбаңыз.

💋 Сән журналында жазатындай тіс ысатын щеткамен ерінге массаж жасамаңыз. Тіс щеткасы нәзік ерінді зақымдайды. Одан гөрі саусағыңызбен ақырындап ысқылауға болады. Бұл қан айналымын жақсартады. Журналда жазылатын кеңестерге көп мән бере бермеңіз))

💋 Ерінге арналған жылтыр гельдерге үйір болмаңыз. Олардың басым бөлігінің құрамында балауыз болады. Балауыз ерінге ауа жібермей қымтап тастайды. Бұл ерін терісіне зиян.

💋 Бетіңіздегі косметика қалдықтарын жуғанда ерінге де мән беріңіз. Далапты кетірмей ұйықтауға жатпаңыз. Еріндегі далапты кетіріп, күтім жасайтын тамаша әдіс — мақта дискіне екі тамшы зәйтүн майын тамызып, ерніңізді сүртіңіз.

💋 Ерінге ең тамаша скраб — қарапайым бал. Егер балға аллергияңыз болса, қант пен зәйтүн (немесе қолда бар өзге май) майын араластырып ерніңізге абайлап жағып ысыңыз.

💋 Қалташадағы көк шай ішетін болсаңыз, шай шығарған соң қалташаны тастауға асықпаңыз. Салқындаған қалтамен ерніңізге массаж жасаңыз.

Comments

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мына мақалалар да ұнап қалар?