Қарақұмық пен айран

Қарақұмық пен айран Денсаулық

Біреулер айран мен қарақұмықты арықтау үшін жейді. Шын мəнісінде бұл таңғы ас дым да арықтатпайды. Тұз ағзадағы сұйықтықты ұстап тұрады. Ал бұл тағамда тұз болмағандықтан денедегі сұйықтың жылдам шығуына əсер етеді. Бірнеше күнде кеткен 2-3 килограм ол сіздің майыңыз бен артық салмағыңыз емес, денедегі су ғана. Сондықтан да айран мен қарақұмық диетасынан соң қалайша жылдам салмақ жинап алдым деп таң қалып жатады.

Қарақұмық пен айранды күнделікті таңғы асқа айналдырмаған жөн. Оған бірнеше себеп бар:

❕ Артериялық қысымды төмендетеді. Онсыз да қысымы төмен гипотониктер абайлағаны жөн.

❕ Ағзадағы сұйықтарды жылдам шығара бастайды. Бүйрегі ауыратындар біле жүрсін.

❕ Семіруді армандайтын арық адамдар. Бұл рецепт зат алмасу процессін жылдамдатады. Сондықтан айран мен қарақұмық бір күндік азығыңыз емес, тек таңғы ас болуы тиіс.

Енді пайдалы əсеріне көшейік. Айранға шыланған қарақұмық:

✔ Асқазан ішек жолдарының жұмысын қалпына келтіреді;

✔ Қанша көп жесеңіз де асқазаныңызды ауырлатпайды;

✔ Асқазан безі мен бауыр жұмысын жақсартады;

✔ Қандағы қант мөлшерін ретке келтіреді (төмендетеді);

✔ Артық сұйықты денеден шығарып, ісінуді тоқтатады;

✔ Ағзадағы су-тұз балансын қалыпқа келтіреді;

✔ Ағзаданы шлактан тазартып, ішектегі шіру процессімен күреседі;

✔ Жоғары аталған процестердің əсерінен өңіңіз ашылып, теріңіз ағарып қалады.

Бірден айта кету керек, бұл таңғы асты тұра салып жемеген жөн. Алдымен ішек-қарын оянуы тиіс. Əйтпесе ішек жолдары дайын болмай тұрғанда бұл пайдалы астың өзі ішекте тұрып қалып, шіри бастауы мүмкін. Жалпы таңертең ояна салып бір стакан (дұрысы қайнамаған, бал қосса тіпті тамаша) су ішіп алу керек. Ең оптималды уақыт таңертеңгі сағат 08-9.30 арасы.

Енді дайындау əдісі: Нағыз жалқаулар үшін таптырмас рецепт 😄

1. Түнде жатар алдында жарты кесе қарақұмықты жақсылап жуып, екі кесе ыстық суға бұқтырып қойыңыз. Термосты пайдалансаңыз тіпті жақсы. Таңертең ботқаны жарты кесе айранмен араластыра саласыз.

2. Маған ұнайтыны екінші нұсқасы. Шикі қарақұмықтың қандай тəтті екенін білесіз бе? Дайындап көруіңізді өтінем. Сізге ұнап қалады. Бір уыс қарақұмыққа 1,5 стакан айран құйып 12 сағатқа қақпағын жауып қойыңыз. Таңертең қарақұмық жұмсарып, айранды сіңіріп алады. Бұл əдісте қарақұмықтың барлық пайдалы минералдары мен витаминдері сақталады. Айтпақшы қарақұмық құрамында темір бар. Ал темірдің ағзаға сіңуі үшін С витамині қажет. Сондықтан бидай емес, тары емес, қарақұмықтың сүт емес, шырын емес, айранмен тандемі адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктердің бірі дер едім.

Қарақұмық туралы диферамбымды əлі ұзааақ жазар едім. Жазбамды қарақұмық маскасымен аяқтап тоқтайын.

Бұл жолы бізге қарақұмық ұны керек. Кофемолкаға қарақұмықты салып ұсатып алсаңыз да болады. 1 ас қасық қарақұмық ұнына 1 жұмыртқаның сарысын жəне 1 шай қасық зəйтүн не балам (миндаль) майын араластырыңыз. Қойыртпақты 15 минут жайын қалдырсаңыз ісініп ботқа тəрізді болады. Осы массаны бетіңізге жағып 20 минуттай əбден кепкенше ұстаңыз. Соңынан салқын сумен жуып, жеңіл креміңізді жағып қойыңыз. Бетіңіздің өңі кіріп, жұмсарып қалады. Ал 1 ас қасық қарақұмықты 2 ас қасық қаймақпен араластырсаңыз (1 шай қасық бал қосуға болады), жұмсақ пилинг дайын. Бетіңізге жағып 10 минуттан соң шайыңыз да, қалған массамен массаж жасап тағы да жауып тастаңыз. The End!

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт