Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері

Шарф немесе орамалды мойынға әдемі етіп байлаудың 8 әдісі. Суреттерге қарап отырып, сіз де істеп көріңіз.

  1. Бұл тәсіл үшін жұқа жібек шарфты пайдаланған жақсы. Шарфтың ортасында аса қысыңқы емес түйіншек жасап алу қажет. Түйіншекті алдыңғы жаққа қаратып шарфты мойынға айнала байлайды. Шарфтың соңын артқы жақта бұрмалап әкеліп түйіншектен бірінен кейін бірін өткізеді. Түйіншекті түзетіп, өлшемі бойынша ретке келтіру керек.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  2. Мынадай тәсілмен байланған орамал немесе шарф классикалық костюмдермен жақсы келеді. Орамал немесе шарфты бір ұшы бір ұшынан ұзынырақ етіп мойынға салынады. Ұзын ұшын қысқа ұшына орап үстіге қарай көтеріп, алдында, айналдыра байлағанда пайда болған түйіншекке кіргізу керек. Түйіншекті тартып байлап, орамалдың ұштарын бірдей етіп түзетеді.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  3. Әдемі суреті бар жібек шарф осы тәсілмен байланса тіптен қатып кетеді. Шарфты екіге бүктеп мойынға салады. Пайда болған ілмекке шарфтың бос ұштарын кіргізеді.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  1. Жібек шарф немесе орамалдың енін өз қалауы бойынша таңдап, бүктеп, мойынға салады. Соңын алдынан бұрмалап, мойынның артынан байлап қояды.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  1. Қалыңырақ жібек орамалды екіге бүктеп, сосын диагональ бойынша бүктейді. Орамалды мойынға байлап бір жанынан үстіңгі жағынан кішкентай түйіншек жасайды.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  2. Үлкен жұқа орамалды үшбұрыш қылып иыққа салады. Әр ұштың соңын сақина немесе брошь арқылы өткізіп қалаған ұзындыққа жеткізеді, сосын түзетеді.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері

 

  1. Жұқа орамал немесе шарфты мойынға байлап, ұштарын сақинадан өткізеді. Соңын артқа қайтарып, сақинадан тағы да бір рет өткізеді.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері
  1. Орамалды осы тәсілмен байлау арқылы күнде жаңа блузка жасауға да болады. Орамалдың матасы өте жұқа болуы қажет, әйтпесе түйіншек үлкен болып қалады. Жұқа орамалды жайып, теріс жағынан, дәл ортасынан кішкентай түйіншек жасау керек. Түйіншекті ішіне қаратып, диагональ бойынша орамалды түзеп, мойынға салып, соңын артынан байлайды.
    Мойынға тағатын орамал мен шарф байлау тәсілдері

1 пікір

  1. Аноним 26.12.2016 at 23:31

    оте керемет бирак тусиниксиз,,,,,,,,,

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?