Мимикалық әжім бойынша адамның мінезін таны

Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз. Және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. «Көп күле берме, бетіңе әжім түседі» дегенді барлық қыз-келіншектер естіген болар. Расымен, мимикалық әжім кейбір адамдарда өте ерте пайда болуы мүмкін. Ол үшін 25 немесе 30 жастан асу міндетті емес.

Психологтардың айтуынша, бетке түскен сызық адамның денсаулығы, мінез-құлқы туралы сыр шерте алады екен. Яғни, әжімге қарап отырып, адам мінезін тануға болады. Олай болса, назар салып көрелік.

Маңдайдағы мимикалық әжім

  • Маңдайдағы доғал тәріздес әжімдер адамның ақылды екендігін білдіреді.
  • Үзік-үзік көлдеңен орналасқан әжімдер бір істі аяғына дейін дұрыс жеткізбейтін адамда болады. Оған қоса бұл әжімдер өсекке жақын жандарда да кездесіп жатады.
  • Тігінен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз – мінезі ашық, мейірімді жан екендігіне күмәніңіз болмасын.
  • Екі қастың ортасындағы доғал тәріздес әжімдер – ұялшақ және өз өзіне сенімсіз адамды білдіреді.
  • Кеңсірікке әжім түсуі ісі алға баспай, мазасы кеткен адамға тән болады.
  • Ал жалпақ маңдайлы адамның кеңсірігіндегі әжім оның ақылды, діттеген мақсатына жете алатындығын сипаттайды. Онымен қоса бұл — аналитикалық ойлай алудың, жалпы зияткерліктің белгісі.
  • Кеңсіріктегі қисық сызық орынсыз қызғаншақтарда кездесіп жатады.
  • Алайда, мінезден бұрын қуығы мен бүйрегі ауыратын адамдарға әжім бірден кеңсірікке түсетінін байқауға болады.
  • Қастың үстінде шетке қарай орналасып, жоғары бағытталған әжім иесіне сенуге болмайды. Кез-келген жерде «жау арасында» тастап кетуі мүмкін.
  • Бірақ қастың үстінде көлдеңен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз, оның адал және сенімді адам екендігін біле жүріңіз.

Көз айналасындағы мимикалық әжімдер

  • Көз қиығында орналасқан әжімдер есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін және зейін ұшқырлығын білдереді.
  • Олардың бағытталуына байланысты екі адам типін анықтауға болады. Егер әжім жоғары бағытталса, оның иесі — көңілді жайсаң мінезді, төмен бағытталса – сенімсіз, пессемист, мазасыз болғаны.
  • Денсаулық тарапынан қарайтын болсақ, көз қиығында орналасқан әжімдер өт пен асқазанның бұзылуы жайында белгі беруі мүмкін. Оған қоса, көзі нашар көретін адамдарда бұл жерге әжім көзін сығырайта бергеннен түсуі мүмкін.
  • Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын аданың белгісі.
  • Олар тым көп болған жағдайда адамның ағзасында дәрумендер жетіспейтіндігін және ұйқысыздық мазалайтынын аңғару қиын емес.
  • Ұсақ детальдарға дейін назар аударатын адамдардың көз айналасында доғал тәріздес әжім пайда болады.
  • Қас пен көздің арасындағы әжімдер жүректі дәрігерге қарату қажеттелігін білдіреді.

Ауыз манайында орналасқан әжімдер

  • Ерінге жақын жоғары бағытталған мимикалық әжімдер адамның позитивті, әрдайым көңілі көтеріңкі екендігін білдіреді. Ал төмен бағытталған әжімдер – ортаға, өзіне көңілі толмайтын, пессимистік көзқарас иесіне тән.
  • Өздерін жалғыз сезінетін, ұяң, кез-келген ортада ашылуы қиын жандарда ауыз маңайына әжім тез түседі.
  • Ал мұрын мен ерінді жалғастырып түсетін әжім өмірде көп қиындық көрген, көңілі қалған адамдарда болады.
  • Жоғары ерін үстіндегі тігінен орналасқан әжімдер гармоналдық ақаудың барын немесе гинекологқа көріну керектігін аңғартады.

2 комментария

  1. Josephnoick 06.06.2017 at 05:32

    I am looking for a man who loves anal sex and beautiful girls.
    Here is my profile just copy the link and paste it into your browser. Register and write to me. I kiss you.

    bit.ly/2rfMjDe

    just copy the link and paste it into your browse

    bit.ly/2rfMjDe

  2. captcha sniper 17.12.2017 at 04:07

    Reasonalbe Thought Power…

Добавить комментарий для Ogulambinitka Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?