Крем жаға білесіз бе?

Сұлулық зертханасы: Крем жаға білесіз бе?Бүгін біз сұлулық зертханасында крем, лосьондарды дұрыс жағу үдерістерін қарастырамыз.
Кез-келген әйел өзінің бет терісі қандай тері типіне жататынын анық біледі. Дей тұра, соған орай алынған косметикалық препараттарды, яғни кремдер мен лосьондарды дұрыс қолдануды біле бермейді.

Ең бастысы, Сіз крем жаққанда теріні созып алмау жағын ойластырғаныңыз жөн. Әйтпесе, әжім түсу қаупіне өзіңіз-ақ жол бересіз.

Крем жағып жатқанда, асығыс қимылдарға жол бермеңіз. Әрине бұл үдеріс Сіздің бос уақытыңызды шығындайды. Бірақ оның болашақта берер пайдасы да мол. Ол — Сіздің төзімділігіңіз бен өзіңізді өзіңіз жақсы көрудің нәтижесі болмақ.

collo-apicazione-crema-300x300Сонымен, крем жақпас бұрын бет теріңізді жылы сумен немесе тониктің көмегімен тазартып алыңыз. Содан кейін кремді аздап сығып алып мына ереже бойынша теріңізге жаға бастаңыз:

  • кеңірдектен иекке қарай
  • иектің астынан құлақтың астына қарай
  • мұрыннан құлақтың ортасына қарай
  • мұрын үстімен маңдайға қарай
  • маңдайдың ортасынан шекеге қарай

Жағып болғаннан кейін саусақтың ұшымен (ақырын ғана) ұрғылап, кремді теріге сіңіріңіз.

occhi-aplicazione-crema-300x118Көз жанындағы терінің өте сезімтал екендігін есіңізден шығармаңыз. Ең бастысы, крем жағып тұрып, теріңіздің созылуына жол бермеңіз.

Әрине, кез-келген процедураны бастамас бұрын бет терісін әбден тазартып алуды ұмытпағаныңыз жөн.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?