Косметологиялық құралдар анықтамасы

Гидрофильді май — макияжды сүртіп тастауға арналған құрал. Бірінші тазарту кезеңінде қолданылады. Өзім тек кешкі макияж жасағанда ғана сирек қолданамын. Майлы опа-далап, сүрмені сабынды сумен кетіру оңай емес, ал маймен лезде сыпырып аласыз. Қолданылуы: гидрофильді майды құрғақ бетке жағып, саусақтарыңызды сəл сулап бетіңізді ақырындап уқалаңыз. Сосын сумен жуып тастаңыз.

L`Occitane фирмасының «Иммортель» майы. Бағасы шамамен 6000 теңге.

Мицеллярлы су — макияжды сүртуге арналған ерітінді. Бұлай аталатын себебі мицеллалардың концентрациялы ерітіндісінен тұрады. Мұндағы молекулалар кір мен майды сорып алып, кері жібермейді. Бетті мицеллярлы сумен сүрткен соң міндетті түрде жылы сумен жуу керек.

Garnier компаниясының мицеллярлы суы. Бағасы 1000 теңге шамасында

Мист туралы алғашқы жазбаларымда айтқан болатынмын. Термальды судан айырмашылығы теріден ылғалды сормайды. Өзіңізбен жолға, жұмысқа алып жүруге ыңғайлы. Мен крем мен сарысу астына да қолданғанды ұнатамын.

Vprove Mist Expert Green Refresh Mist (корей косметикасы) бағасы 4500 теңге

Сарысу, серум, эссенция – барлығы бір нәрсені білдіреді. Сыворотканы қазақша сарысу дегенді ұнатпаймын негізі, сондықтан серум деген ыңғайлы маған. Мұнда белсенді компоненттер концентрациясы жоғары жəне əдетте бір проблеманы шешуге арналған. Əжіммен күрес, терең ылғалдандыру сияқты. Серум құрамындағы компоненттер терінің терең қабатына еніп əсер етеді. Қазіргі косметологияда серумсыз күтім толыққанды емес болып саналады. Себебі кремдер терінің тек үстіңгі қабатына ғана əсер етеді. Нағыз толыққанды күтім жасау үшін дерма деңгейінде əсер еткені жөн. Əдетте крем астына жағылады.

Clinique компаниясының Repairwear Laser Focus Wrinkle & UV Damage Corrector эссенциясы, бағасы шамамен 15-16 мың шамасында. онцентрациясы жоғары болғандықтан эссенциялар кремдерден гөрі қымбатырақ болады

Лосьон – мультитаскер-құрал. Қазіргі лосьондар тек бетті крем жағуға дайындап қана қоймайды, сонымен қатар түрлі дəрумендермен байытылады. Мен көбіне гиалурон қышқылымен байытылған түрлерін алам. Жуынған соң бірден бетіңіз ылғал кезінде қолданғаныңыз жөн.

Clarins Toning Lotion With Iris спиртсіз лосьон, бағасы 6000 теңге жобасында. Неге қымбат деп шошымаңыз, бір құты кемінде жарты жылға жетеді

Патчтер туралы өткен жолы айттым. Көз айналасына немесе проблемалы учаскелерге қолдануға арналған, гидрогельден жасалған жұқа үлдірлер. Бұл супер дүниені тоңазытқышта сақтауды ұсынамын. Жалпы кремдерімнің барлығын тоңазытқышта сақтаймын.

Secret Key компаниясының патчы 24 Gold Premium First Eye.

Comments

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мына мақалалар да ұнап қалар?