Жасанды тырнақ жасатар алдында білуіңіз міндетті нәрселер

Ешкімге де жаңалық емес шығар, кейде біздер, қыздар, жасанды сұлулыққа бет бұрамыз. Жасанды тырнақ жасаймын десеңіз, алдымен төмендегі кеңестерді бір сүзіп өтіңіз:

— Жасанды тырнақ өсіру акрил немесе гель арқылы жүзеге асады. Екі материал да бір химиялық зат, акрилаттардан жасалады. Олардың бірі пайдалы, екіншісі зиян деуге болмайды. Шындығы, бұл екеуі де табиғи тырнаққа зиян келтіреді (менің кейбір әріптестерім осы сөз үшін жоқ шашымды жұлып, қолыма ұстатар еді ау 🙂 ).

— Тырнақты формаға емес, типсаларға өсірген артық, себебі тура тырнақтың үстіне жағылатын акрил/гель мейілінше жаман әсер етіп, тырнақтың бүлінуіне әкеп соқтырады.

— 2-3 күнге жасайтын болсаңыз (той, мереке) онда жұқа қылып салуды сұраңыз. Әрине, олар тез түсіп қалады, бірақ барынша тез түссе, тырнаққа әсері аздау болмақ.

— Мастер сізге маска ұсынбаса, өзі тақпаса, ол салоннан қашыңыз. Не болмаса өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Акрилаттардың өзінен гөрі, сол акрилаттарды ерітетін ликвидтің адам ағзасына зияны көп. Кейде 2 сағаттан аса жасалатын процедура болған соң,  онымен дем алу аллергия тудырып, басқа да проблемаға әкелуі әбден мүмкін.

— Мастер френш өсірген болса, үстіне лак, сосын қаттырғыш (закрепитель) жағуын талап етіңіз.  көбірекке шыдап, сізді қайта қайта лак жаққаннан сақтайды.

— Егер, мастер “под лак” өсірген болса, онда түрлі-түсті лак жақпас бұрын үстіне түссіз лак жағып берсін. Себебі түрлі-түсті лак тырнаққа сіңіп, кейін сүрткен кезде реңі қалады. Соңынан ашық реңді лак жағам десеңіз әдемі болмай қалады.

— Жасап болғаннан кейін бір екі сағата суға салмаңыз қолыңызды. Мейілінше ұқыпты болып, сауна мен монша дегенді ұмытуға тура келеді.

— Ең соңғысы, тырнақты шешетін болсаңыз (егер ол акрил арқылы өсірілген болса) тырнағыңызға (ар бір саусаққа) арнайы акрил тырнағын алатын сұйықтыққа малындырған мақтаны салып, сыртына фольга орап қою керек. 45 минуттан кейін тырнақ жұмсайып, алып тастауға ыңғайлы болады.

— Гельдің акрилден кем жері, оны ерітіп алып тастау мүмкін емес, тек тырнақтың үстінен тырнақ егеуішпен сырып алады. Ол дегеніміз өз тырнағыңызды да сырып кетеді деген сөз.

Авторы: АйжанНұр

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?