Эротикалық жұлдызнама және отбасылық жұп сәйкестігі

Эротикалық жұлдызнама — зодиактар бойынша әйелдерді және еркектердің эротикалық мінездемесі, отбасылық жұп ретінде сәйкестігі.

ТОҚТЫ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Ол әрқашан еркектерге өзі таңдау жасауға тырысады. Сол себептен өзіне тартымды нәзікжанның «имиджін» жасаумен әлек. Жыныстық қатынаста өзімшілдікке бой алдырады. Еркектерден кез-келгеннен «кемшіліксіз еркектен» алғысы келетіннің барлығын талап етеді. Эротика олар ойлағаннан бөлек нәрсе екенін түсінгісі жоқ. Олар жыныстық қатынаста да біреуге бағынғанды ұнатпайды. Сондықтан бұндай әйелдерге күшті, өктем еркек керек. Ол серігінен дұрыс қанағаттанбаса да оны керемет сезімге бөлей алады. Бұндай әйелдер махаббат айдынында көптеген проблемаларға тап болады. Оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.
ТОҚТЫ белгісіндегі еркектер бойындағы азулы мінезін әйелдерге де қымсынбай көрсете алады. Ол бір аруды қолына түсіру мақсатында кез-келген әрекетке барады. Қармаққа ілінбемеген қызды қарату мақсатында өзінің басына болмашы проблемаларды үйіп мүсіркену де, оны түрлі айламен алдап-арбау да қолынан келеді.
Осындай қитұрқы жолдармен жеткен жетістікке ол ешқашан таң қалмайды. Шыдамсыз дөрекі еркектердің сексуалды райын ұзақ –түйек бос әңгімемен тез қайтаруға болады. Әйелдердің айтқан мақтауларын сүйіп тыңдайды. Мақтау сөздерді тіпті өзі сұрап алады. Күдікшіл. Олар өзінің айтқанымен жүретін әйелдерді таңдайды. Таңдаған жарының сезіміне күманданбайтын бұндай еркектер отбасында жақсы әке мен күйеу болады. Әйел үшін мықты сексуалды серіктес.
Отбасылық жұп: ТОҚТЫЛАР Арыстан, Егіздер, Мергендермен жақсы отбасын құра алады. Бұл белгідегілер ТОҚТЫ-ны байсалдықтары мен сезімталдықтарының арқасында ТОҚТЫ-лардың философиялық көқарасына ықпал ете алады. Суқұйғыштар мен Таразыларды оның физикалық күші тартады. Тауешкі, Шаян, Балық, Сарышаяндармен құрған шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды. Ал, Бикештер мен Торпақтармен тіл табыса алмайды.


ТОРПАҚ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Бұл айда туған әйелдер ғажайыпқа толы, зерделі, назданып тұратын және сезімтал. Олар айналасына әдемі заттар мен көрікті еркектерді жинап алғысы келеді.
Оның жаман мінезінен хабардар болса да еркектер онымен жақындасуға, тіл табысуға құштар. Оның жеңіл көзқарастағы талғамдары түрлі проблемалардан құтылуға және таныстықтың одан әрі тереңдеп кетпеуіне көмектеседі.
Оның сезімталдығы бірте-бірте серігіне де ауысып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Алайда, оның сезім-қуанышы тым қысқа болады. Сондықтан ол серігін жиі ауыстырып тұрады.
Эротикаға бар ынтасымен беріледі. Серігін ауыстырған сайын жаңа нәрсені сезінгісі келеді. Еркектердің тұла бойын жаулап алатын бұлар еркектердің қуатын жұтатын тартымды сұлу болып келеді. Олардың отбасылық жағдайы сол себептен тұрақсыз.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Кез-келген әйел ТОРПАҚ белгісіндегі еркектердің жары болуға тырысады. Әйелдерді олардың өзіне деген сенімділігі, қадыр-қасиеті мен абыройы сынды қасиеттері жаулап алады. Бұл белгідегі еркектерді айлақор деп айту қиын. Алайда оның күші мен ынтықтығы әйелдердің қалауынан шығады. Онымен жақындасқан әйелдер оның бойынан салдыққандықты сезеді. Әлбетте бұл айда туған еркектер сүйіктісінің сезімін толық сезінуге тырыспайды.
Елмен жақын араласқан сайын толық ашылғанды жақсы көреді. Қызғаншақ. Бұл қасиетті бойындағы кемшілік деп есептейді. Жар таңдағанда тек өз тәжірибесін есепке алады. Әйелдерге дос ретінде қарайды. Оның отбасы бақытқа толы ғұмыры ұзақ болып келеді. Алайда, бұл ұйыған айрандай отбасын құруға аса ынталы болмаса да, дұрыс жар таңдай біледі.

Отбасылық жұп: ТОРПАҚТАР Бикеш, Тауешкі, Шаян, Балықтармен жақсы жұп болады. Арыстан, Сарышаян, Суқұйғыштармен отбасын құрудың қажеті жоқ. Сосын Егіздермен де құрған шаңырақ көп жағдайда ұрыс-керіспен аяқталады.


ЕГІЗДЕР
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.
ЕГІЗДЕР белгісіндегі әйелдер екі типте көрінеді. Бірде, ақылды, жұмсақ мінезді көрініп, тіл табысқыш қасиеті арқылы өзгелерге қол ұшын берсе, кейде түсінігі кең болса да өзгелердің мүмкіндіктерін шектейді. Нақтырақ айтсақ, құрбыларының өзгемен жарасып кетуіне кедергі жасайды. Жұмыста жақсы жетістікке қол жеткізеді.
Ол-сенімді дос. Алайда, олардың көбісі өзіне лайықты серіктес таба алмай қиналады. Өзінің көңілінен шыққан еркекке кіршіксіз махаббат сыйлай біледі. Өзінің жұбын сирек тауып жатады. Физикалық тұрғыда да сирек қанағаттанады. Бұндай әйелдер өзіне ынтық еркектерді тастап кетпейді, тек жәймен олардан алшақтай бастайды. Дегенмен дәм тұзы жараспаған еркектерді ерекше құрметпен есінде қалдырады. Егер бұндай әйелдер өзіне лайықты еркекті кездестіріп, оған тұрмысқа шықса, олардың жұбы отбасылық бақыттың үлгісі ретінде қалыптасады.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Осы айда туған еркектер-дарынды, жаратылысы ерекше тұлға. Олар қоршаған әлемнің барлық қасиеттерін сезінуге құштар. Әйел сұлулығы мен жақын қатынастың ерекшелігін жоғары бағалайды. Әлбетте ЕГІЗДЕРДІҢ ерекше талантты сексуалды қатынаста кепілдік бере алмайды.
Романтикалық қасиеті дұрыс әйел таңдауға кедергі жасайды. Оның ұшқыр қиялилығы табиғилықтан тым алшақ болғандықтан әйелдер оған жуымайды, тіпті безіп кетеді. Екіншіден, мүмкін сексуалды талантының төмендігінен де болар.

Оның қиылы тек шығармашылық жетістікке жетелейді, алайда бұл жыныстық қатынаста ешқандай жеңіс бермейді. Оның қасындағы нәзікжандар өзін құрбан етуге бар. Әйелдер онымен бұндай құрбандыққа бармаса онымен ынтымақты отбасын құрудың қиынға соғатынын біледі.
Отбасылық жұп: ЕГІЗДЕР Торпақ, Таразы, Суқұйғыш, Арыстандармен ауызбірлікті отбасын құра алады. Балық, Бикеш, Мергендермен көтерген шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды. Торпақтармен өзара түсінушілік байланыстырса, Тоқтылармен ортақ қасиеттер бір-біріне тартады. Әсіресе, ЕГІЗДЕР өз белгісімен жұптасса бақытты отбасын құрады.


ШАЯН
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Олардың натурасы эротиканы жақсы көреді. Ләззәт рахатын сезінуге ынтық. Алайда, еркектерге суық, салқынқанды қарайды. Жыныстық қатынаста серігіне бар назарымен берілгенді кемшілік деп санайды. Сондықтан еркектерге көп ашыла бермейді.
Бұндай әйелдер мықты және тәуелсіз болуға көп күш жұмсайды. Ол тез сезімге бөленеді. Алайда, бұл оны жасыру мақсатында дөрекі әрекеттерге бара салады.
Көп жағдайда бұндай әйелдер жақын қатынастан кейін серігімен қайта кездескісі келмейді. Кездесуден құтыла алмайтын кезде оған қыңыржақтылық пен ашушаң мінез көрсетеді. Егер оған шыдамды еркек тап болып, оны тән ләззатына бөлсе, ол одан күш қуат алады.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Бір қызығы бұларға қорланған, біреуге қатты ренжіп өкпесін жаза алмай жүрген келіншектер кезігеді. Бұлардың айта кетер ерекшелігі-өзімшілдік пен өзіне деген шексіз сенімділік.
Жас қыздардың басын шыр айналдыруға шебер. Бірақ, бұндай еркектер қыздар жалықтыра бастаған уақытта қызықты басқа біреулерден іздеуге кіріседі. Эротикалық талғамы мол болғанымен, төсек қатынасында өзінің қанағаттануына ғана мән береді.
Жыныстық қатынас-шымыр денсаулықтың кепілі деп түсінеді. ШАЯН белгісіндегі еркектердің санасын «үйленіп, үй болу жеке бостандыққа қолқа салу» деген ой билеп алған. Ол отбасылық өмір үшін жаралмаған жан. Оның жары ешқашан әйел бақытын сезіне алмай қор болып өтеді. Егер оның маңдайына дөрекі, билікке ұмтылғыш әйел бұйырса, бұл әлгіндей ойлардан жирене біледі.
Отбасылық жұп: ШАЯН Торпақ, Сарышаян, Бикеш пен Балықтармен жарасымды ғұмыр кешеді. Таразы, Тауешкі, Тоқтылармен некелесу сәтсіз деп есептеледі. ШАЯН-дар үшін Тоқты өте импульсивті болғанымен, оларды бір құштарлық байланыстырады. Неке мықты болу үшін екеуіне де мінездерін бақылауға алу керек. Егіздермен дүние танымдылық достық берік болады. Арыстандар ШАЯНДАР-ды тылсым күштерімен тартады. Бұлар мықты әріптес, дос, бақытты ерлі-зайыпты бола алады. Тауешкі ШАЯНДАР-ды өзіне оңай қаратып алғанымен, отбасында екеуі екі түрлі әлемде өмір сүреді. ШАЯН-дар Сарышаяндармен оңай тіл табысып кетеді. Мергендердің тәуелсіз болуды қалап тұратын мінезі ШАЯНДАР-дың ренішін туғызады. Балықтармен құрған неке шынайы достық пен пәк махаббатың ошағы болады.


АРЫСТАН
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.

Оның бойында арыстанға тән темперамент жоқ, алайда өте тартымды, кез-келгенді өзіне үйіріп әкетеді. Оның сезімі байсалды, сынағыш болып келеді. Онымен жақын қатынасқа түскен еркектер оның міншіл көзқарасының куәсі болады.

Бұндай физикалық салқындықты секске құштарлықтың әлсіздігімен түсіндіруге болады. Оның пешенесіне жақсы әйел мен қамқор ана болу жазылған.
Оның секске деген салқын көзқарасы күйеуіне көптеген проблемалар туғызады. Сол себептен күйеуі әйеліне сұмдық ғашық болған күнде де эротикалық әсер алу мақсатында  басқа әйелдермен араласып жүре береді. Бұл белгідегі әйелдер өте қызғаншақ. Күйеуінің ашысаны бар екенін білген кезде кәнаны тек өзіне ғана тағады. Егер оған секске құштарлығы төмен еркек кездессе отбасы өте сәтті болады.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Бұл белгідегі еркектерде көптеген кемшіліктер бар. Қасында жатқан әйел күш жігері мол,  берекелді еркектің жүрек түбінде өзіне деген сенімсіздіктің жасырынып жатқанын байқамай да қалады.
Ол кішкентай ғана абайсыздықтан сүйіктісінің назарынан тыс қаламын деп үрейленіп жүреді. Ол сүйіспеншілік оты кез-келген мезетте сөнеді деген оймен соған дайындалып жүреді. Сондықтан әркез мазасызданады.
Алақанына түскен әйел үшін бір ойыншық ретінде де пайдаланылып жүруі де ғажап емес. Сол себептен әйелдерге өзін жақсы жағынан көрсету үшін көп нәрсеге басын тігеді.
Оның бет-пернесін, ішкі жан дүниесін өзге еркектерден жоғары бағалайтын, оған кеңесші бола алатын әйел ғана аша алады. Оған сондай әйел лайық. «Балаларымның әкесі» деп әлпештеп отыратын әйел бойына сенімділік ұялата алады.

Отбасылық жұп: АРЫСТАНДАР-дың Тоқты, Суқұйғыш, Сарышаяндардан бойын аулақ ұстағаны абзал. Бұлармен құрған шаңырақ ешқандай жақсылық әкелмейді. Олар үшін Егіздер, Таразы, Мерген сәтті жұп. Тоқтылармен мінез-құлқы мен темпераменті жағынан сәйкестік болады. Осылардың арқасында баянды махаббат болуы ықтимал. Торпақтармен тіл табысудың қажеті жоқ. Өйткені олар ортақ мәмлеге келе алмайды. Бикештермен де қиын қатынас қалыптасады.


БИКЕШ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Әйелге тән тартымды қасиеттер сұлулық, жұмсақтық, нәзіктік, адалдық, сексуалды сезімталдықтың бәрі осылардың бойында. Бұндай әйелдер еркектердің ынтықтырғанымен, оны ешқашан өз пайдасына пайдаланбайды.
Еркектерді жақсы сезімге бөлесе көңілі көтеріңкі жүреді. Әлбетте одан ынтық сезімдерді күтпеңіз. Бұндай әйелдер аялауға ғана жаратылған. Бойындағы нәзіктілігі оны қайталанбас тұлға етіп көрсетеді.
Олар еркектерге құрметпен қарайды. Сүйіктісінің құшағында өзін еркін, байсалды, сенімді сезінеді. Сәл ұялшақ. Бұл қасиеті еркектерді одан әрмен өзіне ынтықтырады. БИКЕШТЕР-үлгілі әйел, ардақты ана бола алады.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Кез-келген нәрсеге аса ұқыптылықпен қарайтын осы белгідегі еркектер әйелдерге де кірпияз. Ол нақтылық пен қарапайымдылықты ұнатады. Алайда олардың жасықтығы махаббат айдынында көп нәрсеге тежейді. Бұлар әйелдердің бойынан өзі ойша жасаған логика шеңберіндегі талаптарды көргісі келеді.
Оның сексуалды мүмкіндіктері өте жоғары. Алайда, әйелдердің таңқалысын бұл қасиеті емес, өзге еркектерде кезікпейтін нәзіктігі тудырады. Оның сезімталдығы әйелдердің жүрегін жаулап алады. Кез-келген әйелдің талабын қанағаттандырады. Опасыздық оның жанын күйзеліске түсіреді. Оған әйелдердің достығы мен сүйеніші жетіспейді. Жары оған үнемі ілтипат көрсетсе отбасы бірлігі мықты болады.
Отбасылық жұп: Торпақ, Сарышаян, Шаянмен неке үйлеспейді. БИКЕШТЕР Шаяндармен жақсы тіл табыса білгенімен Шаянның рационалисттік қыры БИКЕШТЕРДІҢ сезімін өшіреді. БИКЕШТЕР мен Арыстар арасында достық берік болады. Таразылармен  шиеленіске жиі барады. Сарышаяндар БИКЕШТЕРДІ өзіне тартуы мүмкін, түрлі темпераменттеріне қарамастан сәтті неке құруы ықтимал. Әлбетте олардың өмірлік ұстанымдары «мен не дейін, домбырам не дейді»-ге саяды. БИКЕШТЕР Суқұйғыштарға құмар. Олардың некелерінің ғұмыры көп жағдайда ұзақ болып жатады.


ТАРАЗЫ
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.

Олар темпераментті, алайда секске ұмтылу олар үшін алға қойған мақсат емес.  Олар өмірде алар орнына мән береді.

Мықты еркек бұндай әйелді айтқанына көндіре алады. Әлбетте олар өзінің қалауына қол жеткізуге, ой ісін асыруға тырысады. Жігерсіз еркекке өзі би болады.
Төсек қатынасына салқын. Егер сүйіктісінің махаббатына сенімді болса ғана, шат күліге бөленіп, жібектей мінез көрсетуі мүмкін. Әлбетте бұл жағдайда да оларды романтик деп айту қиын. Некедегі жыныстық қатынаста өзін бақылап, тек өз мүддесін ғана ескереді.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.
Бұлардың екі  типі бар. Бірі-жайлы мінез, тұрақтылыққа, айналасындағылардың көңілінен шығуға тырысса, екіншісі бірі  секске құштар емес, бейнетті адамның образында жүретін, әйелдерге атүсті қарайтын адамдар.
Өмірде төмен қарай құлдыраған сәттерде өзін бағындыра алмай, ашуланшақ, денесі сір көтермейтін халге түсіп кетеді. Олар қысқа уақыттағы жыныстық ләззаттан рахат алады. Егер  интимді қатынасты бұны шектен тыс қанағаттандырса ол басын жоғалтып, отбасын, бала-шағасын тастап, жұмыстан шығып, достарынан безіп кетеді. Мүлдем эротикаға мән беретін болар еді. Алайда, тек өзінің қанағаттанғанын қалап тұратын бұл белгідегі еркектерге әйелдер назар салмайды. Сондықтан олар көп жағдайда тыныштықты отбасынан табады.
Отбасылық жұп: ТАРАЗЫЛАР Егіздер, Арыстан, Мерген, Суқұйғыш және Тоқтылармен  некеде сәйкес келеді. Тауешкі, Шаян, Торпақтармен отбасы сәтсіз болады, алайда ТАРАЗЫ-ның жағымды мінезі тағдыр тәлкегін  жеңуге қауқарлы. Тауешкімен жақсы дос бола алады.


САРЫШАЯН
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.
САРЫШАЯН белгісіндегі әйелдердің еркектерді өзіне қарататын қасиеттері- «құпиялығы», «батырлығы».  Оның барлық қадамдағы-сексуалды рахат алуға бағытталған. Бұндай әйелдер сұлу, ақылды, күш-қуатқа толы. Онымен танысқан еркектердің бірден басы айналады. Бұл белгідегі әйелдердің діншілігі  эротикалық тәжірибені жас кезінен бастап жинайды.
Ол өзін әркез жақсы ұстайды. Жыныстық қатынаста өте қатты ажарланады.  Төсек қатынасында өзіне есеп бермей, ессіздікке барады. Сексуалды тәжірибесі жоқ еркектер оның көз алдында әлденіп, жігерленеді. Бұл қасиеттері еркектерді одан әрмен өзіне ынталандыра түседі. Бұндай сексуалды әйелдер- интимді қатынастың шыңына жетіп, тән ләззатын сезініп, жалынды сезімнен айыға алмайтын еркектерге қауіпті. Төсекте бастан кеткен еркектер бұлардың құлы болуға дайын. Осындай көзі ойнақшыған әйелдердің кесірінен еркектер карьерасынан айырылып, отбасын тастап кетіп жатады. Сиқырлы әйелдің уысына түсіп, рухани тозып кеткен еркектер бұндай проблемалардан аттап, елдің пікірімен санаспай, дәмін алып қалған төсек тұңғиығына қайта-қайта бара береді. Әлбетте бұндай әйелдер күйеулеріне жақсы көмекші қамқор бола біледі. Жолдасының жетістікке жетуіне ықпал етеді.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Бұл белгідегі еркектер темпераментті, адам күтпейтін әрекеттерге бас тігеді. Олар- мықты әртіс. Серілікке құмар.  Таптырмас-сексуалды серік болады. Төсек қатынасында өзінің босаңсып кетуіне жол бермейді. Әйелдің айқанына көндікпейді. Ол үшін бағалы қымбат нәрсе-бас бостандық. Ол үшін секс-ақылы мен дарынын жұмсайтын спорттың бір түрі ғана.
САРЫШАЯН белгісіндегі еркектерді  тұзы жеңіл, тез қол жетімді, жуас әйелдер қызықтырмайды. Олардың мақсаты- интелектісі өз деңгейімен пара-пар, тәуелсіз және басы бос әйелдерге қол жеткізу. Бұндай ерлерге ол жеткізген жетістік қолды емес, оған жету жолындағы әдістер мен ойын тәсілдері маңызды.  Көздеген қызды алақанға салған жетістігі  оны  ақкөңілдендіріп жібереді. САРЫШАЯН белгісіндегі еркектерді біреудің күйеуі бетінде көзге елестету қиын. Көбіне бұндай еркектер өмір бойы сұрбойдақ болып өтеді.
Отбасылық жұп: САРЫШАЯНДАР Тауешкі, Бикеш, Шаян мен Балықтармен жақсы жұп болады.  Сұқұйғыш, Арыстан мен Тоқтылармен құрған неке бақытсыздықпен аяқталады. САРЫШАЯНДАР мен Тоқтылар ортақ бір тақырыпта әңгімелесе алмайды.  Ал, Тоқпақтармен мінездері мен темпераменті жағынан ұқсас болғандықтан, ұрыса береді. Алайда, осы жұптағылардың балалары дарынды сұлу болып келеді. Ал, Егіздермен рухани үйлесімділік орнайды.  Әлбетте, САРЫШАЯНДАР-дың ауыр мінезі Егіздердің тұрақсыздығын көтере алмайды. САРЫШАЯН мен Шаяндар құрған отбасы бақытқа толы болады. Өйткені, Шаяндар САРЫШАЯНДАРҒА қажет интимді жайлылықты қалыптастыра біледі. САРЫШАЯНДАР мен Арыстандар арасыда күш үйлесімді болғанымен, бұлар ұзақ уақыт бір баспананың астында тұра алмайды. САРЫШАЯНДАР Таразылармен жұмыс бабында мықты серіктес, дос бола алады. Алайда, отбасын сәтті құра алмайды. САРЫШАЯНДАР Таразылардың жеңіл мінезін ұнатпаса, керісінше Таразылар оның ынтықтығынан қорқады.  САРЫШАЯНДАР мен Бикештер бірін-бірі толықтырып, бақытты ғұмыр кешеді.  САРЫШАЯНДАР мен Суқұйғыштар құрған шаңырақ ұрыстан көз ашпайды, алайда өздерін байсалды ұстаса дәм-тұздары жарасып кетуі де мүмкін. САРЫШАЯНДАР мен Балықтардың құрған жұптың бағы барлық жағынан жанып тұрады.


МЕРГЕН
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.
МЕРГЕН белгісінде туылған арулар ақылды, көңілді әйелдерді жақсы көретін еркектерге керемет серік бола алады.  Сексуалды қатынаста қызығарлықтай. Бұндай әйелдер өмірдің барлық жағын жақсы бағалайды. Жұмысқа, өнерге, спортқа аса бір салмақты көзқараспен қарайды.
Өмірге риза, күжілдеп қалған бұлар қиылға толы. Бұндай қасиеттер интимді қатынаста да мәнін жоймайды. Өзінің талаптарын қанағаттандыра  алатын еркектермен ғана бақытқа бөленеді. Күйеуінің көзіне шөп салғанын жайлылықпен, сабырмен қабылдайды. Өйткені өзінің де бұндай опасыздыққа бара салу әрекеттерін заңдылық деп есептейді.  Отбасылық өмірге ешқандай жауапкершілікпен қарамайды. Ол әр таныстықтан түрлі әсерлер алып тұрғанды жақсы көреді.
Еркектерге арналған эротикалық жұлдызнама.

Бұл белгідегі еркектер қуанышқа бөленген табиғатты сүйетін жандар. Оның жаны әдемі әйелдерге құлазып тұрады. Өмір саяхатында мергеніндігін кез-келген әйелге көздейді. Алайда, оның нәтижесіне есеп бермейді. Ол жақын байланыстың шиеленіскенін қаламағандықтан әйелдерден нақты бірнәрсе талап етпейді.
Ол қиылшыл. Әйелдер оның талғамынан шығуға тырысады. Секс-оған күллі дүниенің кілті сынды көрінеді. Ұнатқан қызға өзіндегі барын беріп, қанағаттандырған соң артына теріс қарамай, тік жүре береді. Оның отбасылық өмір үшін жаралмағандығын түсінген әйел оны жолынан қалдыруға, кері қайтаруға тырыспайды. Жақын қатынасқа түскен сайын махаббаттың пәктігін шынайы сенеді. Әдемі кездесуден кейін ол көңілсіз жағдайда жиі түседі. Сәтсіз кездесуден  ешқашан қаймықпайды. Ол философиялық көзқараста «Жарайды, келесі жолы реті келер» деп өзін жуата салады.
Отбасылық жұп: МЕРГЕНДЕР Бикеш, Балықтар мен Егіздермен бақытты болады.  Тоқпақтармен бір көргенде махаббат сезім пайда болуы мүмкін  неке де үйлесімді болады.  МЕРГЕНДЕР Тоқтылардан бойын аулақ ұстау керек.   Балықтардың тұйықтығы МЕРГЕНДЕРДІ қайғыға батырады. Алайда, МЕРГЕНДЕРДІҢ өмірлік көзқарасы бұл жайсыздықты бағындыра алады. МЕРГЕНДЕРДІҢ шынайылығы мен адалдығы Арыстандарды тәнті етеді, неке сәтті болады. МЕРГЕНДЕР мен Бикештер құрған отбасы сәтсіз болуы мүмкін, әлбетте оларды бір-бірін күш-жігер байланыстырады. МЕРГЕНДЕР мен Таразылар бақытты жұптар болады. Сарышаяндармен қызмет бабында достығы берік болады. МЕРГЕНДЕРДІ Тауешкілермен ортақ көп нәрсе байланыстырады. Тауешкінің салмақтылығы МЕРГЕННІҢ аспалы-төкпелі шапшаң мінезін басады.  МЕРГЕНДЕР Суқұйғыштармен де бақытты жұп болады.  Алайда, Суқұйғыштар МЕРГЕНДЕРДІҢ тұрақсыздығынан күйініп жүреді. МЕРГЕНДЕР мен Балықтар арасындағы байланыс жер мен көктейді. Бұлардың арасындағы сәйкестік сауасақпен санарлықтай ғана.


ТАУЕШКІ
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.

Бұл белгідегі әйелдер тез ғашық болады. Эротиканы жақсы көреді. Әлбетте, өзін қатты бақылауға алады. Бұндай сезімін жасырған сайын комплекске көп барады. Бұндай әйелдермен жыныстық қатынас қысқа болады. Олар серігінен қиялындағы рахатты талап етеді.
Еркектерге арналған  эротикалық жұлдызнама.
Бұл белгідегі еркектер реалист, алға дұрыс мақсат қоя біледі. Ұнаған қызды қолына түсіреді. Алайда, ол сексті бір зат ретінде көргенмен, әйелдердің эротикалық күйзелісіне құлақ аса алады. Оған ұзақ уақыт сенімді болады.
Онымен қарым-қатынасқа түскен әйелдер оны беделді серік деп санайды. Өйткені ТАУЕШКІ белгісіндегі еркектер тұйық, эротикалық сырын өз ішіне сақтайды. Ол бостандықты жақсы көреді. Отбасын іштей оған дайын болған кезде, нақты шешім қабылдағанда құрады. Отбасында балаларына ардақты әке болады.
Отбасылық жұп: ТАУЕШКІЛЕРГЕ Тоқты, Таразы мен Шаяндардан қашу керек. Ал, Бикеш, Сарышаян, Торпақ, Балықтармен некелік жұбы бақытқа толы болады.  Мергендермен бақытты бола алмайды. Тоқпақтармен түсінушілік пен махаббат байланыстырады.  Егіздермен қақтығысқа жиі барғандықтан некелік бақыттьң ғұмыры қысқа болады. ТАУЕШКІ мен Шаяндар арасында сыйласымдылық пен достық қатынас болады. Әлбетте олардың өмірлік көзқарастары тоғыспай жатады. Арыстандармен сәтті отбасын құра алмайды. Таразылармен бастары үш қайнаса да қосылмайды.  ТАУЕШКІНІ Сарышаяндармен амбициялары мен жұмысқа деген қызығушылықтары байланыстырады. Суқұйғыштармен бақытты өмір сүреді. Балықтармен неке өте сирек жағдайда сәтті болып жатады.


СУҚҰЙҒЫШ
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.

Үйінен өмірі қонақ үзілмейді. Айналасына нұр шашып тұрады, әлбетте бұл интимді қатынаста да жылышұрайды деп айтуға болмайды. Ол іске пысық әйел болады. Күйеуіне деген махаббатын үй шаруасында істейтін жетістіктерімен жеткізеді. Оның көрікті келбетінің суық екенін сезген еркектер өзге әйелдерді іздеуге кіріседі. Онымен жақын қатынасқа түскен еркектің есінде тек қара бөлмеде жанып тұрған шам мен былғанып жатқан төсенішті қалдырады. Оған ыстық жыныстық қатынас керек емес. Оны әдемі, қызықты орта ғана қызықтырады. Ол- тартымдылығымен кез-келген ортаның қырмызы гүлі. Бұндай әрекет күйеуінің қызғанышын оятады. Қанша асқан сұлу болса да бұл белгідегі әйелдер опасыздық әрекетке бармайтынына сенімді болыңыз.
Еркектерге арналған  эротикалық жұлдызнама.
Бұл белгідегі еркектер сексуалдығы жоғары әйелдерге «жақсы сыйлық» емес.  Өйткені, оның жыныстық қатынасқа деген құштарлығы бәсең. Сол себептен   бақыт құшағына апарған әйелдерінің саны тым аз.

Жыныстық қатынаста әйелдерді бақылаумен ғана шектеледі. Бұдан артық ролді ойнай алмайды. Некеде опасыздыққа бармайды. Отбасылық проблемалар мен жұмысты ойлап жүреді. Алайда оның әйелін бақытсыз бишара деп айта алмайсың. Оның рухани байлығының өзі сүйіктісін қанағаттандыра алады. Бұндай ғылымға кеткен дарынды адамдардың жары әркез жақсы жолдас, көмекші ролін атқарып жүреді.
Отбасылық жұп: Бұлар Егіздер, Таразылар, Мергендермен жақсы жарасып кетеді. Сарышаян, Торпақ, Арыстандармен ұрысып жүреді. СУҚҰЙҒЫШТАР Тоқтылармен жақсы жұп болуы мүмкін. Егіздермен отбасылық үйлесімділік табады. Шаяндармен жақсы ажырамас дос бола алады, бірақ некелесу ұтымды шешім емес. Бикеш пен СУҚҰЙҒЫШТАР жиі кикілжіңге барады. Таразылармен құрған шаңырақ бақытты болады.


БАЛЫҚТАР
Әйелдерге арналған  эротикалық жұлдызнама.

Оның әлемі-әртістер, суретшілер, әдебиетшілердің ортасы. Ол өзінің қиялымен өмір сүреді. Оның махаббат туралы түсінігі драматургиялық шығармадағы бір әдемі роль ғана.  Ол еркекті қиялындағы Ертөстіктің кейіпкерінде елестетсе де, төсек қатынасында ләззатқа бөліне алмай қиналады.
Оның өмірі таңертең төсекке құшақ раушан гүлдерін әкелетін еркекті күтумен өтіп кетеді. Романтикалық әсерді сүймейтін жігіттер онымен бір сәтте тіл табыса алмайды. Жыныстық қатынаста серігіне  ләззат сезімді бергеннен гөрі, одан алғанды жақсы көреді. Сол себептен некелі болса да опасыздықта бара салады.

Еркектерге арналған  эротикалық жұлдызнама.
Ол эротикалық қатынастың ләззатын соңғы орынға қояды. Әлбетте ретсіз байланысқа түсе береді. Қыздарға барғанды мақтан тұтпайды. Бірақ сексуалды темпераменті жоғары. Оған қанағаттанған әйел серігінін қараңғыда адасып жүрген мысықтар кепінде елестетеді. Өйткені, ол жалғыздықты ұнатады. Үйленуге келгенде ұзақ ойланып барып, нақты бір шешім қабылдайды. Бойдақ кезінде  әйелім мен бабаларым жоқ деп қапаланбайді.
Отбасылық жұп: Торпақ, Шаян, Тауешкі, Сарышаяндармен некесі сәтті болады.  БАЛЫҚТАРДЫ Тоқтылар қатты тартқанымен, мінездері үйлеспейді.  Сондықтан отбасында олар тату-тәтті өмір сүре алмайды. Шаяндармен арадағы достық, әріптестік ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін арттырады. БАЛЫҚТАРДЫҢ Арыстандардан  бойын аулақ ұстағаны абзал. Мергендермен сирек бақытты болады. Бикештердің арасында ортақ нәрселер болады, әлбетте олар көтерген шаңырақ сәтсіздікке ұшырайды. Балықтар Тауешкілермен ортақ мәмлеге келе алмайды.

18 комментариев

  1. Нацпатгул 05.10.2016 at 20:12

    Оте керемет! Омыраулары улкен патриот кыздарга кандай жулдызнама сайкес келеды екен?! жауабынызга ракмет!

  2. Мен ғой 05.10.2016 at 20:14

    Жазбада грамматикалық қателер бар екен…

  3. Гулнара 05.10.2016 at 20:14

    Секс болса болды Бари уйкасканы )))

  4. Гоха Великолепная 05.10.2016 at 20:14

    Мне совместимость про первого или второго мужа написать әлде будущийдыма?!

  5. Aselina L'essa 05.10.2016 at 20:15

    Львицы могут даже не обратить внимания на Рака, который покажется им каким-то скучным и блёклым, несмотря на присущее ему потрясающее чувство юмора. Поэтому инициатором начала отношений обычно выступает мужчина-Рак, осаждающий женщину-Льва с завидным терпением до тех пор, пока та не соизволит обратить на него свой царственный взор. Но часто за таким поведением Львицы стоит не истинное равнодушие, а правильная стратегия по завоеванию Рака.

  6. Данияр Алан 05.10.2016 at 20:15

    «БИКЕШТЕР Суқұйғыштарға құмар. Олардың некелерінің ғұмыры көп жағдайда ұзақ болып жатады»
    Бұдан артық не пікір керек жігіттер?))))))

  7. Ерлан апай 05.10.2016 at 20:16

    Админ ағай маған сыйлық керек

  8. М.Мағауин 05.10.2016 at 20:16

    Не масқара?! Жоқтан өзгені әңгіме қылып. Болашақ аласапыран болғалы тұр ғой, құрып барамыз!
    Айтпақшы, Шаханов — нашар ақын.

  9. Айнур 05.10.2016 at 20:17

    Бари маган сайкес келе береди, тандайтын жастан баягыда кеткенбиз

  10. Раке 05.10.2016 at 20:17

    Сарышаянға бикеш, шаян, балықтар жұп болуға жарасады екен… Бірақ біріншісі тауешкі болғаны бекер емес-ау.

  11. Rozatai 05.10.2016 at 20:18

    «Суқұйғыш арулар опасыздыққа бармайтынына сенімді болыңыз» дегені ұнады. Суқұйғыш арулар Таразымен бақытты өмір сүреді деген болжамы онша ұнамады. Мен шаянға тұрмысқа шыққым келеді)))

  12. Қаракөз Айдашқызы. 05.10.2016 at 21:25

    Негізі жақсы жазылған. Бастысы апарат тұщымды болса болғаны. Сіздерге тек сәттілік тілеймін.

  13. Ермек Қайшыбеков 06.10.2016 at 13:45

    Қыртқан әңгіме. Ақымақтар сенеді бірақ. Ал ақымақтар көп. Ақылдылар сол ақымақтардың ақымақтығын пайдаланып сайтқа кірушілердің санын көбейтеді.

    • Психолог 06.10.2016 at 15:52

      Үш сөйлемде «ақымақ» сөзін төрт рет қолданған Ермектің психологиялық портретін елестеттім. Демек, мен ақылдымын ба))))

  14. MERmukhanov 06.10.2016 at 15:00

    И мәәә еркектерге де арнап жазыпсыңдар ғұә, малатцы мәәәә

  15. Миха 07.10.2016 at 01:40

    Оның пешенесіне жақсы әйел мен қамқор ана болу жазылған©
    Жлядъм.

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?