Ерінді операциясыз үлкейту жолдары
- 0 пікір
- 6 430 рет оқылды
Анджелина Джолидің ернін ұнатпайтын арулар аз-ау. Болмаса да, ұқсап бақ дейтін қыздар суретте еріндерін дүрдитеді, ақшасы барлар хирургиялық операция жасатады. Біздің кеңесіміз ерніңізді сұлулық пен сексуалдық символына айналған Анджелинанікіндей етпесе де, көлемін томпайтып, сүйкімін арттырарына кепілдік береміз.
Ерінге арналған жаттығулар
Ерінді үлкейтіп, оған әдемі пішін беру үшін жаттығуларды бірінші айда күн сайын орындау керек (мүмкін болса күніне 2 реттен). Ал одан кейін оның қалпын сақтау үшін жаттығулар кешенін аптасына 2-3 реттен қайталап тұрған жөн. Барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен мұқият жуынып, ауызды жылы және салқын сумен алма-кезек шаю қажет. Бастапқыда жаттығуларды 10 рет, одан кейін біртіндеп айдың ішінде 21 қайтара орындау керек.
Ерінге арналған массаж
Массаж – тез арада болмаса да, ерінді біраз үлкейтуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Ол үшін жұмсақ тіс щеткасы немесе косметикалық кисточка керек болады. Бірақ кейбір әйелдер бұл процедураны саусақпен де орындай береді, сондықтан өзіңізге ыңғайлы жолын анықтап алыңыз. Массаж алдында ерінге бал, алоэ шырынын, зәйтүн майын не кез келген косметикалық майды (бадам, жожоба, кокос) жағып қойыңыз.
Орындау жолы: ауызды сәл ашып, таңдаған құралды (бал, шырын не май) ерніңізге жағыңыз да, 5 минут бойы оған массаж жасаңыз. Ерін терісі аса жұқа болғандықтан, щетканы не саусағыңызды қатты батырмай, жаймен сипап өтіңіз. Жаққан құрал кеуіп кетсе, оны тағы жағыңыз (май болса) немесе ерніңізді сулаңыз (бал қолданылған жағдайда).
Пікірлер