Дұрыс тамақтану арқылы арықтау ережелері

Дұрыс тамақтану арқылы арықтау ережелері Денсаулық

Тамақтанудың басты ережелері

Еліміздегі Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке  жарамды тұрғындардың төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі — шектен тыс тамақтану.

Осыған орай адамдар артық салмақтан арылу үшін ашығып та жататыны жасырын емес. Бірінші, біз не үшін тамақтанаамыз және тәбеттің не екенін ажыратып алайықшы.

Адам үнемі күш-қуат жұмсап отырады. Иә, тіпті ұйықтаған кезде де. Сол күш-қуатты қайта қалпына келтіру үшін тамақтанады. Ал тәбет – көбінесе, әдет болып келеді. Оның пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді. Мәселең, түстенетін уақыттың жақындауы, тамақ иісін сезу немесе дайын тамақты көру.

Тіпті сіз шын мәнісінде аш болмасаңыз да, тәбетіңіздің ашылуы әбден мүмкін. Айталық түскі ас кезінде сіз сорпа мен салат жедіңіз. Бірақ дастарханда тағы тәтті торт қалды. Сізді оны жеуге итермелеп отырған аштық емес, тәбетіңіз.

Естеріңізде болсын, тамақ қорытуға ең оңтайлы уақыт: 11.00-ден 14.00-ге дейін және 16.00-ден 20.00-ге дейін.

Тамақ орнына су ішіңіз

Таңертең таңғы асты қабылдамай тұрып, жарты сағат бұрын бір стақан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Оған бір тілім лимон салып жіберсеңіз де болады. Жалпы күнделікті шай, кофе және басқа шырындардан бөлек бір литрден кем емес су ішу ағзаға пайдалы. Ол асқорытуды жақсартып, аштық сезімін бәсеңдетеді.

Тамақтанып отырып, су ішпеңіз!

Тіпті тамақтанып болған соң, дәрігерлер шай, кофе және де басқа шырындарды ішуге тыйым салады. Себебі олар ас қорытуға арналған асқазандағы шырынды шайып, астың қорытылуына кері әсерін тигізеді.

Суды тамақтану алдында 15-30 минут бұрын ішкен абзал. Жеміс-жидек немесе көкеніспен тамақтанған соң, жарты сағаттан кейін, крахмалға бай тамақ жеген соң 120 минуттан кейін, ал тамақ мәзіріңізде ет болса, 240 минуттан соң су ішкен дұрыс.

Оған қоса, ыстық және салқын су ас қорыту үдерісін баяулататынын естеріңізге сала кетейік. Ағзаға пайдалы судың температурасы бөлме температурасымен бірдей, яғни 30-40 градус болғаны маңызды.

Ауырсаңыз, тамақ жемеңіз

Ыстығыңыз көтерілген жағдайда, сіздің тамаққа деген тәбетіңіз болды ма? Есіңізге түсіріңізші. Дәл сол уақытта сіз тамақ туралы мүлдем ойламаған шығарсыз. Сондықтан егер әлсіреп, ауырып қалсаңыз, аузыңызға тамақ тықпаламаңыз. Бұл орайда ағза аурумен күресті бастап кетеді. Егер сіз сол кезде тамақ жей бастасаңыз, ағзаңыз бар күшін ас қорытуға жұмсап, аурумен күресуді тоқтатып тастайды.

Физикалық жаттығулар мен қарқынды ой еңбегі кезінде, оған дейін және одан кейін тамақ жемеңіз

Кез-келген спортшы жаттығулар алдында 2 сағат бұрын тамақтану керектігін біледі. Тіпті екі сағаттан көп болса да жақсы. Себебі жаттығу алдында тамақ жесеңіз, ағзаңыз бар күшін асқорытуға жұмсайды Бұл жағдайда физикалық жаттығулардан келіп-кетер пайда жоқ. Бұл ереже ой еңбегіне де қатысты. Ми жұмысы энергияның 70 пайызын жұмсайтынын білесіз бе? Иә, дәл солай. Сондықтан ой еңбегімен шұғылданар алдында, одан кейін және сол үдеріс барысында тамақтан аулақ болған дұрыс.

Тіскебасар жеміс пен кептірілген жеміс-жидектерді ала жүріңіз

Егер тамақтануға уақыт таппай жатсаңыз, өзіңізбен бірге жеміс немесе кептірілген жеміс-жидектерді ала жүрген ыңғайлы. Аштық сезімі пайда болған кезінде, шоколад немесе жақын жерде орналасқан дүкеннен сатып алуға оңай, бірақ ағзаға пайдасынан гөрі зияны көбірек шоколад, тәттілерді жегенше,  үйден ала шыққан жемісті пайдаланыңыз. Айта кетейік, жемістердің ішінен алмұрт пен банан — аштық сезімінен бірден арылуға көмектеседі.

Шектен тыс көп тамақ жемеңіз

Дастархан басына бір отырғанда қанша тамақ жеуге болады? Йогтардың айтуына сенсек, екі алақанға сиятындай ғана. Бір қулыққа баруға болады, үйдегі үлкен табашықтарды  кішкентайға алмастырыңыз. Оптикалық тұрғыда тамақ көп болып көрінгенімен, шындығында ағзаңызға жеткілікті мөлшерде болмақ.

Тамақтанып болған соң, бірден жата қалмаңыз. Бұл ережені түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар. Керісінше, ішкеніміз бойымызға тарасын деп, таза ауаға шығып, баяу серуендеп қайтқан әлдеқайда пайдалы.

Дұрыс тамақтану арқылы арықтау кеңестері

  1. Көп адамдар, арықтау үшін күін бойы тамақ жемей, аш жүреді Бұл -барып тұрған ақымақтық. Уақытыңда тамақтанбау – асқазанның жұмысын бұзады.
  2. Дұрыс тамақтануғка және спортпен шұғылдануға дағдылаң. Ешбір жаттығу жасамай, ашығудың нәтижесі шамалы болмақ.
  3. Ашуғу кезінде екінші және үшінші аптада өзің мақсат еткендей нәтижеге қол жеткізе алмасаң, салыңды суға салма! Себебі бірінші аптада ағза жинақталған суды жұмсайды. Одан кейінгі уақытта денедегі майлар кете бастайды. Ал май табиғатынан жеңіл. Таразы көрсеткішіне көңілің толмаса да, көлемнің кішірейгенін байқау оңай.
  4. Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.
  5. Аздап, жиі тамақтанған дұрыс. Күнделікті ас мәзірін қадағала.
  6. Қонаққа бара қалған жағдайда, диеталық аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.
  7. Күніне кем дегенде 2 литр су іш.
  8. Қант пен ұннан жасалған тамақ көлемін азайт.
arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт