Косметикалық майлар және олардың қасиеті

Дәріханалардан осы косметикалық майларды жиі көреміз, алайда біздің теріміздің сұлулығына қандай әсері барын біле бермейміз. Кез келген арудың қол астында қас жұлатын пинцет немесе мақта дискілері емес, осы майлардың тым болмаса бір-екеуі болуы тиіс дер едім.

Авокадо майы

авокадо майы

Қасиеттері: Жұмсартады, қорек береді, тез сіңеді, құрғақ, қартайып бара жатқан теріге арналған, көздің айналасына жағуға болады. 

Ерекшелігі: адамның тері астындағымайдың қасиеттеріне ұқсас, ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 

Үйде қолданылуы: Авокадо майының 10 тамшысын сүйікті креміңіздің немесе лосьон, тониктің 10 грамына араластып күнделікті бетке жағуға болады. Ал құрғақ бетті жұмсарту, жарылған бетті қалпына келтіру үшін майды 30-40 минутқа жағып, кейін майлықпен сүртіп тастауға болады. Процедуаны күніне 2 рет қайталасаңыз, әсерін бірден байқайсыз. 

Жүзім дәндерінің майы

жүзім майы

Қасиеттері: антиоксидант, жасартады,май балансын қалпына келтіреді, жылдам сіңеді, терінің тесіктерін бітемейді.Көз айналасындағы нәзік теріге де қолдануға болады. Құрғақ, әлсіз шаштарға дапайдалы. 

Ерекшелігі: тері майын және шаштың табиғи майын қалпынакелтіреді, A, B, C, E, PP витаминдеріне бай. 

Үйде қолданылуы: майдыжұмсарту үшін де, теріні тазалау үшін де қолдануға болады. Теріні тазарту үшінсәл қыздырып алып мақта тампонымен бетіңізді сүртіңіз. Косметика қалдықтарынтазалау үшін де тамаша. 

Өрік дәндерінің майы

масло абрикос

 Қасиеттері: қоректендіреді, жұмсартады, терінікүшейтіп, қалпына келтіреді, кез келген тері типіне пайдалы. Әжімдерді жазып,теріні жасартады. 

Ерекшелігі: балалардың нәзік терісін қорғау үшін қолдануғажарамды, эротикалық май ретінде де қолданылады.  Целлюлитпен жақсы күреседі. Жараның жылдам жазылып,ізін қалдырмау үшін де қолдануға болады. 

Үйде қолданылуы: Абрикос майын лосьон немесе тоник ретінде де пайдалануға болады. Сонымен қатар, шаш және тырнақ күтімі үшін қолдануға да болады. Шашқа арналған бальзамның 100 грамына 10 тамшы қоссаңыз жеткілікті. Тырнағыңыз сынбауы үшін тырнақ лагын өшіріп, 10 минут тұздысуға салған соң өрік дәндерінің майымен сүртіңіз. Процедураны айына 1 рет жасау жеткілікті.

Кокос майы

масло кокос

 Қасиеттері: антибактериалды, қоректендіреді, ылғалдандырады, жұмсартады. Сезімтал теріге деқолдануға болады.

 Ерекшелігі: теріинфекциялары және басқа да аурулары кезінде қолданылады. Күннен қорғануғаарналған және күнге күюге арналған кремдер құрамында қолданылады. Қабынғантеріні тыныштандырады. Тері тургорын күшейтіп, жасарту қасиетіне ие. Майды ішкеқабылдау асқазан, ішек-жолдары жұмысын жақсартады. 

Үйде қолданылуы:     тері күтіміне тек рафинадталған майдықолданған жөн. Қабыршақтанған теріні 1-2 күнде қалпына келтіреді. Ол үшін тазатеріге жұқалап жағу жеткілікті. Күріш ұнының екі ас қасығына бір шай қасықкокос майын қоссаңыз, тамаша маска шығады. Ұнтақталған 2 ас қасық кофеге 1 асқасық кокос майын қоссаңыз, теріңізге арналған антицеллюлит скраб дайын. 

Апельсин майы

апельсин майы

Қасиеттері: Ароматерапия ретіндетыныштандыратын қасиеті белгілі. Теріге де тыныштандыратын, ылғалдандыратынәсер етеді.  Апельсин майы ылғалдыңсақталуына ықпал етеді. Апельсин майы қабынған теріге де оң әсерін тигізеді.Сондықтан безеу бетке де жағу ұсынылады. 

Ерекшелігі: Антибактериалды, қабынупроцессін тежейді. Сонымен қоса теріні ағартады. Сондықтан пигментті дақтарменкүресте де пайдаланады. 

Үйде қолданылуы: Апельсин майы еңқолжетімді майлардың бірі. Ванна қабылдағанда майдың бірнеше тамшысы ваннаны хош иіске бөлеп, теріңізге пайдасын тигізеді. Безеуді жылдам кетіру үшін мақтатаяқшасын майға батырып, проблемалы жерге жағыңыз. Целлюлитпен күрес үшінмассаж майына 1:6 қатынаста қосып, денеңізге жағыңыз. 

 

 

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?