Бақытты өмірге 10 қадам

Әркімнің өмір философиясы болады емес пе? Мен көпті көрген кейуана да емеспін, білім тұғиығына сүңгіген ғалым да емеспін. бірақ өзіме психологиялық кітаптар, мотивациялық видеолар, коучтардың тәлімдері қатты ұнайды. Жалпы алғанда, тіліне, дініне, менталитетіне қарамастан осы кеңестердің негізі бір арнаға тоғысады. Өзім алған білім, кеңестерді қорытындылап бақытты өмір сүрудің 10 қадамын жазған едім.            

  1. Әр таңыңызды шын жүректен рахмет айтудан бастаңыз: Жаратушыға, ата-анаңызға, айналаңыздағы адамдарға. Сіздің өміріңізге қатысы бар әр адамның сізге деген қаншалықты маңызы бар екенін, қаншалықты оларды бағалап, жақсы көретіңізді ойлап, ішіңізден оларға шын ниетпен рахмет  айтып, жақсылық тілеңіз.
  2. Барға қанағат, жоққа сабыр етіңіз. Шүкір айтып отырыңыз, есіңізде болсын, шүкір етсеңіз ғана ырыс — берекеңіз артады.
  3. Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді. Ешқашан біреудің бағына қызықпаңыз, жағаласпаңыз, олай сіз тек босқа энергияңызды кетіресіз. Өз бағыңыздан айырылып қаламын деп, босқа қорқып, асығыс, теріс қадамдар жасамаңыз. Бәрі орнымен, тек түзу ниет қажет.
  4. Ұрыспаңыз, өтірік айтпаңыз, өсек айтудан аулақ болыңыз. Одан да ол уақытты өзіңіздің өсіп-өркендеуіңізге арнаңыз. Мысалы, кітап оқыңыз, спортпен шұғылданыңыз, саяхатқа шығыңыз.
  5. Кешірімді болыңыз. Өзіңізге, өзгелерге.
  6. Мінсіз болуға тырыспаңыз — шынайы болуға талпыныңыз. Мінсіздік- тәкәпарлыққа жетелейді, шынайылық — асыл мінезге.
  7. Ерте тұрып үйреніңіз. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
  8. Жақсылық жасаңыз. Жағдайыңыз келгенше мұқтаж адамдарға көмек беруге тырысыңыз.
  9. Үнемі позитив ойлаңыз. Жақсы сөз-жарым ырыс. Не ойласаңыз, не айтсаңыз — сол орындалады. Негатив ойлардан аулақ болыңыз.
  10. Өткен істерді ойлап, өкінішке батпаңыз. Қателеспейтін адам болмайды. Есесіне, оларды болашақта қайталамауға тырысыңыз.

Авторы: Medianet ЖҚО Астанадағы Медиамектебінің тәлімгері Талшат Нұрпеисова

Comments

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мына мақалалар да ұнап қалар?