Бақбақ тосабы

Бақбақ тосабы Денсаулық

Бақбақ тосабы витаминге бай, иісі жұпар, дәмі балдай тамаша десерт. Қалайша жасалатынын айтпас бұрын пайдасына тоқталайық

Минералды құрамы:

  • фосфор (41 мг);
  • калий (231 мг);
  • кальций (139 мг);
  • темір (1,7 мг);
  • мырыш(0,27 мг);
  • марганец (0,22 мг).

Пайдалы қасиеттері:

  • бауырдың қалпына келуіне ықпал етеді
  • асқазан қышқылдығын төмендетеді
  • өт айдау әсері бар
  • зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларына пайдалы
  • асқазан ішек таяқшасымен туындған улану кезінде қолданылады
  • ағзаны уыттан, токсиндерден тазартады
  • антиоксидантты қасиеттері онкологиялық процестердің алдын алып, қартаюды тежейді
  • орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, ұйқыны жақсартып, ашушаңдық, стресс, депрессия кезінде тыныштандырады.
  • С витаминіне бай болғандықтан суық тигенде, тымау, өкпе аурулары кезінде ағзаның жылдам қалпына келуіне ықпал етеді.

Бақбақты жинау

Экологиялық таза аудандардан жинауға тырысыңыз. Газ бен шаңға оранған мегаполистердің аулаларындағы бақбақты қолдануға болмайды. Гүлдері ірі, екі жылдық өсімдіктерді жинаған жөн. Тоспаты дайындау үшін тек сары түсті гүлі ғана қажет. Сабағы, жапырағы араласып кетсе, тосап түсі жасылдау болып, ащы дәм береді. Қайшымен сары гүлін жайқалыпт ашылып тұрғанда кесіп алып жинасаңыз жұмысыңызды жеңілдетесіз (суреттегідей). Егер сабағымен жұлған болсаңыз, үйге келгенде гүлдер бүрісіп жабылып қалуы мүмкін. Ал бұл кезде жасылын ажырату қиынға соғады.

Тосап қайнату

Ингредиенттер:

  • Бақбақтың 400 гүлі
  • Су — 1 л
  • Қант — 1 кг 200 г
  • Лимон қышқылы — 0,5 шай қасық немесе жарты лимон
  • Эмаль кастрюль

 

Бақбақты жуудың қажеті жоқ. Сумен бірге пайдалы тозаңдары мен нектары да шайылып кетеді. Салқын суға гүлдерді салып бір қайнаған соң 9 минут баяу отта қайнатамыз. Қайнап жатқан кастрюльге лимон қышқылын салып тағы 20-25 минут өте баяу отта ұстаймыз. Тосап қайнап жатқанда үй ішін керемет жұпар иіс кеулейді. Уақыт өткен соң гүлдерді сүзіп аламыз. Тұнбаңыздың қоңырқай сарғыш түсі жұпар иісі сияқты қуантпауы мүмкін. Бірақ, асықпаңыз. Арнайы дайындап қойған қантты сүзілген тұнбаға қосып тағы 30-40 минуттай баяу отта қайнатамыз. Ұзағырақ қайната түссеңіз, тосап қоюлана түседі.

 

Тосап қайнаған соң түсі мөлдіреп, балдай болып шыға келеді. Тосабымыз дайын, енді құтыға құя беруіңізге болады. Ас болсын!

arular.kz
Rate author
Қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық сайт