Ана тілі құрсақта басталады

Ана жатырында жатқан нәресте үнемі дыбыстар қоршауында болады. Ол анасының жүрек қағысын, өкпесі ауаға толып, дем алғанын, күрсінгенін,  күлгенін, ішектерінің шұрылдағанын, түптеп келгенде анасының сөйлегенін естиді. Яғни, ана тілі осы кезден қалыптасады.

Қызықты факт. Жүктілігінің  2 және 3-триместрлерінде классикалық музыка тыңдаған әйелдердің балалары музыкалық стимуляция алмаған балалардан еретерек және жақсы дамыған. Ал дүниеге келген соң ондай балалардың музыкалық және ойлау қабілеті жақсы дамыған.

Бүгінде болашақ аналар бала тәрбиесімен жүктілік кезінде айналысу қажет екенін біледі. Қазір іштегі сәбиді тәрбиелеуге арналған түрлі әдістемелер бар.
6-7 апта. Балақайдың алғашқы сезім органы — вестибулярлық аппараты бар.

7,5 апта. Сәбидің тері сезімталдығы пайда болады. Алдымен ауызы тұсында дамиды.

8 апта. Баланың беті мен алақандары сезімтал бола бастайды.

9 апта. Баланың дәм сезу қабілеті дами бастайды. Ол шарана сұйықтығын жұта бастайды.

10 апта. Енді бала денесінің барлық бөлігі сезімтал. УЗИде баланың өз денесін, жан жағын түрте бастайтынын байқайсыз.

14-16 апта. Сәби ести бастайды!

Іштегі нәресте 16 аптаға дейін ол дыбысты вибрация ретінде қабылдайды. Ал 16-аптадан бастап бала дыбыс шыққан жаққа бұрыла бастайды. Дыбысты күшейтсе, бетін жауып, қорған іздей бастайды. Бала алдымен интонацияға әсер етеді. Айқай-шудан тыпырлап, мазасызданады. Пульсі жиілейді. Әдемі әуен естігенде жүрек қағысы тұрақталып, тынышталады.

Жаңа зерттеулер 30 аптаға қарай баланың тек анасының дауысын ғана емес, жекелеген сөздерін ажырататынын дәлелдеді. АҚШ ғалымдарының зерттеу нәтижесі бойынша сәби анасы сөйлеген тілді де ұға бастайды екен. Бір қызығы әкелерінің дауысы мұндай әсер етпейді екен.Ана тілі ғана ұғынықты бала үшін.

Дүниеге келген сәбилер бірнеше сағаттан соң ана тілінен өзге тілді ажырата бастайды. Вашингтон университетінің докторы, ғылыми зерттеу авторы Патриция Куль (Patricia Kuhl) айтуынша «сәби миы ақпаратты туған соң емес,  оған дейін қабылдай бастайды». Куль мен оның әріптестері сәбидің дыбысқа реакциясын өлшеу жоғары технологиялы емізікті пайдаланған. Бұл емізіктер компьютерге сигнал беріп, қандай дыбыстар нәрестеге қалай әсер еткенін білдіріп отырады.

Зерттеуге 40 америкалық және швециялық жүкті әйел қатысты. Эксперимент кезінде нәрестелердің ағылшын және швед тіліндегі дауысты дыбыстарды анықтау қабілеті анықталды. Жаңа туылған нәрестелер 7 сағаттан 3 тәулік бойы арнайы емізіктерді сорған. Осы уақытта нәрестелер ағылшын және швед тіліндегі дыбыстарды естіген. Америкалық  нәрестелер швед тілінде сөйлегенде жиірек еміп, бейтаныс тілге осылай реакция білдірген. Ал швед шақалақтары өз тілінде сөйлегенде еркін жатып, ағылшын тілінде сөйлегенде емізіктерін жиірек емген. 

Демек, баланың ана тілінде сөйлеуі оны тоғыз ай жатырында көтерген шешесіне байланысты. Анасы қай тілде сөйлесе, бала сол тілін ана тілім деп қабылдайды.

1 пікір

  1. Бота 20.10.2016 at 23:25

    Мен сексті қалаймын

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?