Альгинат маскалары: не? неге? қалай?

1981 жылы (айттым ғой, бұл жыл адамзатты құтқарған жыл деп) ағылшын биохимигі Мур Стэнфорд әдеттегідей балдырлардан йод өндіргенде, жанама өнім — альгинат алған. Зерттеулерден соң оның жасартатын қасиеті анықталды. Осылайша альгин қышқылының тұздары өндіріліп, косметологияда қолданыла бастады. Натрий алгинатын негізінен қоңыр және қызыл балдырлардан алады. Біздің әңгімемізге арқау болатын маскалардың ең негізгі екі компоненті – алгинат және диатомит.

  • Натрий альгинаты зиянсыз зат, су қосқанда витаминдерге, минералды және қоректік заттарға бай гель түзеді. Бетке жаққанда бұл қоспа барлық қатпарлар мен әжімдерге еніп, теріні ылғалдандырып, қорек береді. Ал кебе бастағанда үлдір түзіп, лифтинг әсерін жүргізе бастайды.
  • Диатомит – таңіз балдырлары тобының қалдықтарынан құралатын тау жыныстарының қабаттары. Бұл зат қышқылдар әсеріне түсіп ыдырамайды, сұйықтықпен жақсы араласады.

Бұл косметикалық кереметті дәріханалардан сатып алуға болады. Олар гель немесе ұнтақ түрінде болады. Дайын гель алгинат маскасын бірден бетке салу қажет. Ал ұнтақ түрін минералды суға араластырып, бетіңізге жағыңыз. Бұл маскалар:

  • теріге қорек береді;
  • қабынуға қарсы және иммунитет күшейтетін қасиетке ие;
  • токсиндерді шығарады;
  • тамыр тарылтады, соның арқасында беттің қызарғанын және тітіркенгенін басады;
  • май торшаларының көлемін тұрақтандырады, артық майды ыдыратады, бұл бет контурын реттеуге жақсы;
  • торша деңгейінде минералды тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді;
  • терінің қорғану функциясын қалпына келтіреді.

Осылардың нәтижесінде бет терісінің тонусы, реңі жақсарады, ісіктер кетіп, жасара түсесіз. Сонымен қоса, пигмент дақтары азаяды, мұрынның үстіндегі, айналасындағы қара дақтар жоғалады, әжімдер тартыла бастайды.

Альгинат маскалардың түрлері

Альгинат пен диатомитпен қоса, маскалар құрамына басқа да пайдалы заттар кіреді. Олардың косметикалық әсерін арттыру үшін өндірушілер түрлі өоректік заттар мен микроэлементтермен байытады. Соған байланысты маскалардың келесі түрлері болады:

  1. Негізі(классикалық) әдетте натрий алгинаты мен гипоаллергенді сарысу немесе қарапайым минералды су қосындысынан жасалады. Альгинаты маскалардың негізгі функциясы — ылғалдандыру және лифтинг.
  2. Коллагенді (жасартатын) Эпидермисті балғын күйінде қалуына әсер ететін коллаген қосылғандықтан, қартаю процессін тежейді. Маска функциясы – ылғалдандыру, лифтинг, әжімдермен күрес, жасарту.
  3. Хитозанды(алғалдандыратын) шаянтәрізділер қабыршағынан алатын хитозаннан жасайды. Бұл маска ең құрғақ жне қабыршықтана беретін теріге дәру.  Ол жақсы ылғалдандырады және бет контурын түзейді.
  4. Асконбир қышқылы қосылған альгинат маскасы беттің өңін келтіріп,  әдемі рең береді: пигментті дақтарды жойып, әжімдермен күреседі.
  5. Өсімдік текті альгинат маскаларға зімбір, түймедақ, алоэ, көк шай сияқты дәрілік өсімдіктердің сірінділері мен сығындылары қосылады. Олар теріні тазартып, қорек береді, ылғалдандырады

Кез келген алгинат маскалар әсері бірден байқалады. Осы әдемі нәтиже сақталуы үшін әдетте  процедураны 8-15 рет қайталайды.

Масканы қалай қолдану қажет?

  1. Теріні дайындау. Бетіңізді макияж сүртуге арналған құралмен сүртіңіз. Қасыңыз бен кірпіктеріңізге қоюлау крем жаққан жөн. Бетіңізге эмульсия немесе сарысу жағыңыз. Альгинат олардың әсерін күшейтеді.
  2. Масканы жағу. Эмульсия немесе сарысу теріге сіңген соң, масканы жағыңыз. Ұнтақты бірдей пропорцияда минарлы сумен араластырыңыз. Масканы жағу үшін жатып, бетіңіздің барлық бұлшық етін еркін ұстаңыз. Арнайы шпательмен бетке крем жаққандай линиялармен масканы жағыңыз.
  3. Масканы алу. Альгинат маскасы жылдам кебе бастайды. 4-7 минуттан соң резеңкеге ұқсай бастайды. Масканың әсер ету мерзімі 30 минут. Масканы алғанда иек тұсынан ұстап абайлап, жылдам тартыңыз.
  4. Соңғы штрих. Масканы алған соң бетті тоникпен сүртіп, крем жағыңыз (күнделікті қолданатын). Масканы қолдану жиілігі аптасына 1 немесе 2 рет.

Масканы жаққанда теріңіз қатты тартылуы мүмкін, алаңдамаңыз. Демек маска жақсы әсер етуде. Қолданған масканы кәріз құбырлары арқылы тастамаңыз. Себебі маска құрамында суға салса ісінетін заттар бар. Альгинат маскаларын үйде де жасауға болады. Ол туралы келесі материалда айтамыз.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?