Сән туралы афоризмдер

Әйелдер өзара жарысып киінетіні рас, бірақ егер әлемде бірде-бір еркек қалмаса, әйелдер де әдемі киінуін қояды (Коко Шанель)  

Адам киімімен әдемі. Жалаңаш адамдардың қоғамға ықпалы болмашы ғана, тіпті мүлдем жоқ десе де болады. (Марк Твен)

Біз тамақты өз ләззатымыз үшін ішеміз, ал киім кигенде керісінше. (Бенджамин Франклин)

Ер адам арзан киім киген бикештерді ұнатпайды, бұл қағиданың өз әйелдеріне қатысы жоқ. (NN)

Әйелдер тек бір еркек үшін киінетін болса, бұл осыншалық ұзаққа бармас еді. (Марсель Ашар)

Әйел киіміндегі ең бастысы – оны киетін әйелдің өзі. (Ив Сен-Лоран)

Көріксіз әйелдер жоқ  — көрікті екенінен бейхабар әйелдер ғана бар. (Вивьен Ли)

Әрбір жаңа сән мәңгі қалатындай болып көрінеді. (Георг Зиммель)

Сән дүкендерінен киімді емес, өзіңізді іздеңіз. (NN)

Әйелді тым қымбат костюмнен артық ештеңе қартайтпайды. (Коко Шанель)

Өзіңізге сенімсіздікпен киген киіміз арзан көрінеді. (NN)

Әдемі болу үшін құр әдемі болу жеткіліксіз. (Поль Рейналь)

Нашар талғам – дәстүрдің құлдырауының белгісі. Киім кигенде, сәнді болыңыз, бірақ сәнқой болмаңыз. Сәнді болу – әдептілік, ал сәнқойлық − нысапсыздық. (Сократ)

Егер әйел нашар киінсе, оның киімі, ал жақсы киінсе – әйелдің өзі есте қалады. (Коко Шанель)

Нағыз еркек джинса емес, костюм киіп жүреді. Бірақ оның костюмі онымен бірге ұйықтап жүргендей ыңғайлы көрінеді. (Сьюзен Вега)

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?