Блоранж — шаштың жаңа сәнді түсі

 

 Біз — әйелдер өмірімізді өзгерткіміз келсе, бірден шаштараздан бастаймыз. Егер өміріңіздің тағы бір жаңа парағын ашқыңыз келсе, шаш сәніндегі жаға трендпен таныс болыңыз

Өткен жылы сан қилы шаш бояу әдістері сәнге кірген болатын. Биылғы жылдың  жаңа тренді – блоранж түсі.

Шаштараз-колористер бүгінде жаңа блоранж түсіне бояу техникасын игеруде және бұл ерекше реңк жақын арада әлемдік трендке айналады деп болжауда. Блоранж (ағ. «blond» («блонд») + «orange» («қызғылт сары»)) әдісі бойынша ашық блонд және нәзік қызғылт сары түс бірдей мөлшерде алынады. Нәтижесінде алтын реңді ашық қызғылт түс пайда болады. Мұндай түсті шашқа күтім жасау оңай, бірақ бұл түс реңін шаштан кетіру қиынға соғатынын ескеріңіз.

Бұл трендті әйгілі Bleach London шаш бояу салонын ашқан белгілі Алекс Браунсел енгізген болатын, ол соңғы кездегі түрлі-түсті шаш үлгілерін бүкіл әлемдік сәнге айналдырды. Оның ұсынуымен жаңа шаш түсін әйгілі рок-әнші Мик Джаггердің қызы модель Джорджия Мэй Джаггер байқап көрді. Ал Джоржияның трендсеттер екенін ескерсек, бұл түс бізде де сәнға айналуы ғажап емес. Сондықтан отандық сән көшін сіз бастаңыз!

Пікірлер

Пікір жазыңыз

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мына мақалалар да ұнап қалар?