Бейсана эгоизм

Сіз өзіңіздің бойыңызда эгоистік қасиеттер жоқ екеніне толық сенімдісіз бе?

«Эгоизм» — деп біз, әдетте жеке басының пайдасын бәрінен жоғары қоятын адамды айтып жатамыз. Яғни бұндай адамдардан тек «маған», «менікі» деген жан айқайлары естіліп тұратындай-ақ. Бұл эгоизмнің сыртқы көрінісі деп айтсақ та болады. Әдетте бұндай қасиет сол адамның өзіне де, өзге адамдарға да айқын сезіліп тұрады. Дегенмен, әр ақылды адам эгоизмнің жағымсыз әдет екенін біледі және өзінен ондай әдеттердің кішігірім белгілерін сезінсе одан арылуға тырысады. Алайда, кейбір мәселелерге келгенде адам баласы қанша жерден эгоизммен арпалысуға тырысқанымен, санасыз түрде ол сезімдерге ерік берулері мүмкін. Қарапайым мысал келтірер болсақ, адам баласының басты мақсаттарын қарастырып көрейік:

«Қоршаған ортамда беделді, сыйлы болуды қалаймын» — дейміз, немесе, қыздар тарапынан жиі кездесетін: «ақ боз атты ханзаданы қалаймын» тіпті, ойымызда «мінсіз» ер адамның портретін құрастырып алып, оны өмірден іздейміз. Осындай адаммен тағдыр байласып, үбірлі-шүбірлі болғымыз келеді.

Тереңнен ойлап қарасақ, жай ғана «қалаймын» деген сөздің түпкірінде қаншалықты эгоизмдік белгілер жатқанын да түсінбей қалады екенбіз. Үстінде жазылған мысалдарды жекелеп талдар болсақ:

Қоршаған ортамызда  беделді, сыйлы болуды «қалаймын» дейтін болсақ, мақсатымыз қандай болмақ? Қалайтынымызға жету үшін, біздің тағатсыздана күтетініміз: жұрттың  бізді мақтап-мадақтап, мәртебелі орынға жайғастыруы ма? Ал, енді «қалаймын» дегеннің орнына «айналама шынымен сыйлы құрметті тұлға болуға тырысқым келеді» — дейтін болсақ, ішкі дүниемізге өзгеше түсінік ұялағандай болатыны рас емес пе? Ойлап көрейік, өміріңіздегі адамдарға өзіңіздің ақ-пейілділігіңіз бен мейіріміңізді таңытып, жақын-алыстарыңыздың қайғы қуанышын бірге бөлісіп, қол ұшыңызды бере білсеңіз, сыйластығыңыз өздігінен артпайды ма? Себебі, сіздің ниетіңіз — өзгелерге, дәл сіздің жақсылық жасуыңыз болса, өзіңізді эгоист деп атай аласыз ба? Ал, келесі — «ақ боз атты ханзаданы қалаймын», «болашақ жарымның мынадай, анадай болғанын қалаймын» деп жатамыз. Ал керісінше, «мен жолығар жұбайыма адал жар, инабатты келін, әулеттің үлгілі де өнегелі келіні болуға тырысқым келеді» десеңіз, сәби «қалаймын» дегеннің орнына сәбиді дүниеге әкеліп, сол сәбилерге мейірімді, қамқор ана болғым келеді десеңіз — ниетіңізге қарай мақсаттарыңыз да басқа арнаға бұрылары сөзсіз. Есіңізде болсын, барлығы адамның өзінен басталады. Отқа қанша ағаш салсаңыз, сонша жылу аласыз.

Міне, осындай ұғымдарға аса мән берген жөн. Себебі, біздің санамыз қалай жұмыс істейді, білесіз бе? Біз миымызға сигнал берген сәттен бастап, ол естігенімен автоматты түрде тікелей тапсырманы орындауға кіріседі. Сол себепті,  «қалаймын, болды!» — деуден аулық болып, миға тапсырманы саналы түрде, егжей-тегжейлі түсіндіріп, белгілі жоспар жүзінде ұсынғаныңыз жөн бе деймін. Сол кезде өзіңізден байқамай қалатын эгоистік белгілерден аулақ боласыз.

Авторы: Талшын Нұрпеисова

Comments

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мына мақалалар да ұнап қалар?