АНА және ВНА қышқылдар

Кремдердің сыртынан жиі көресіз АНА және ВНА қышқылдарын. Ал олардың айырмашылығы қандай? Не үшін қажет? Қайда болады? Осы туралы ретімен айтайын…

АНА қышқылдары бұл — α-гидроқышқылдар, яғни жеміс-жидек қышқылдары. Олар терінің ескірген қабатын бұзып, регенерация процесін тездетеді. Эпидермистің жаңаруы тері рельефінің тегістелуіне әкеледі. Аз мөлшерде терідегі ылғалды сақтауға, ал көп мөлшерде эксфолиант ретінде, яғни қабыршақтандырып (әлде жидітіп дейін бе, отшелушивает в общым) терінің жаңартуына септеседі. Альфа-гидроқышқылдары суда ерігіш, терінің терең қабатына ене алмайды, сондықтан терінің жоғарғы қабатындағы проблемаларды шешеді: терінің пигментациясы, солғын тартуы, алғашқы жеңіл әжімдер сияқты проблемалармен күреседі. АНА қышқылдар құрғақ теріге тамаша. Айтпақшы, олар терідегі гликозамингликандар мен коллаген синтезіне жағдай жасайды, қартаю белгілерімен күреседі, қысқаша айтқанда. АНА қышқылдарды қазір косметологиядағы революция дейді. Бірақ ежелгі мысырлық бикештер жүзім, лимон шырындары ваннасына жатса, орыстың матреналары бетіне жидектердің шырынын, қызылшаны, айранды жаққанын білеміз.

Сонымен АНА қышқылдарының түрлері:

  • Гликоль қышқылы — қант құрағында, ақ жүзімде болады. АНА қышқылдары қатарында малекулярлық массасы ең аз. Сондықтан эпидермадан жылдам өтіп, тез әрі жеңіл сіңеді. Гиперпигментациямен жақсы күреседі.
  • Сүт қышқылы — айранда, қаймақта, қаражидекте /черника/, алма, жүзімде болады. Қабыршақтандырып, теріні жаңартады, теріні ылғалдандырады. Терінің жалпы күйін жақсартып, ылғалдың ұзақ сақталуына септеседі.
  • Алма қышқылы — көптеген жеміс-жидектерде бар. Әсіресе томат (иә, иә, қызанақта алма қышқылы болады) пен алмада көп кездеседі. Бұл да қабыршақтандырып, торшалардың жаңаруына жағдай жасайды, клеткалық метаболизмді жақсартады.
  • Шарап қышқылы (тартар) — әбден балбырап піскен жүзімде, ұзақ сақталған шарапта, апельсинде кездеседі. Қабыршақтандырады, ағартады және ылғалдандырады.
  • Лимон қышқылы — цитрус жемістерінде (лимон, лайм, грейпфрут, апельсин, ананас, папайя, киви) көп кездеседі. АНА қышқылдарының арасында ең жоғары молекулярлық массаға ие. Теріні ағартады, әсіресе жүзім қышқылымен қосылғанда. Антиоксидант, бактерицидті қасиетке ие, коллагеннің бөлінуіне жағдай жасайды. Болбырап қартайып бара жатқан теріні жылдам тонусына келтіреді.

BHA қышқылдары — дұрыс айтасыз, β-гидроқышқылы немесе салицил қышқылы (salicylic acid). Ол керемет көпфункционалды ингридиент. ВНА акнеге /безеу, бөртпе/ қарсы қолдануға тамаша. Біріншіден ол қабынуға қарсы әрі антибактериалды қасиетке ие. Иә, ол да теріні қабыршақтандырып жаңартады. Қазір косметологияда салицил пилингтері трендте. Бірақ оны жасау үшін кемінде 1-2 апта үйде болғаныңыз жөн. Жасаған адамдар әсері күшті дейді. Бетіңіз сәбидің бетіндей жұп-жұмсақ, албырап тұрады екен. Бірақ процедура аяқталғанша қабыршақтанып мазаны алады. Келесі ұзақ мерекелердің бірінде жасап көремін деп отырмын. Ары қарай жалғастырайын, АНА қышқылдары терінің жоғарғы қабатында белсенді дедік қой, ал ВНА қышқылдары терінің терең қабатына өтіп, ішінен де әсер етеді.

АЙЫРМАСЫ:

АНА қышқылдары суда ериді, ал ВНА қышқылдары маймен ериді. ВНА қышқылдары теріге тереңірек енеді, сөйтіп теренің төменгі қабаттарындағы ескі қабаттарды жаңартады. ВНА қышқылдары майлы және аралас теріге қолайлы. Сонымен ВНА қышқылдары проблемалы, безеулі теріге қажет, ал АНА қышқылдары пигментке, құрғап бара жатқан теріге, гиперкератозды (қалыңдаған) теріге қажет.

Екі қышқыл компоненттері қосылған кремдер де болады. Бірақ есіңізде болсын, ыстық жақта демалатын кезде, күннің астында көп жүретін болсаңыз, бұл екі қышқылды да қолданбауға тырысыңыз.

Comments

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мына мақалалар да ұнап қалар?